«Бәрін білгім келеді» интеллектуалды ойыны

«№50 мекеме» сотталғандары арасында «Бәрін білгім келеді» интеллектуалды викторинасы өткізілді. Мақсаты-танымдық белсенділік пен процестерді, сондай-ақ сотталғандардың логикалық ойлауын дамыту.

Викторинаға қатысуға 20 әйел ниет білдіріп, осылайша 5 команда құрылды. Сотталғандар байқаудың 3 кезеңінде бақ сынап, кейін ең көп ұпай жинаған команда жеңімпаз деп жарияланды.

«Мұндай ойындар, викториналар мен тестілер сотталғандарға бірлескен жұмыста диалогтік қарым — қатынас орнатуға көмектеседі, өз таңдауын дәлелдеуге, шығармашылық ойлауды, көрнекі қабылдауды және есте сақтауды дамытуға үйретеді», — дейді СТжӘПЖБ бастығы Бақыт Есенғалиева.

Әр қатысушы өзінің табандылығын, білімі мен тапқырлығын көрсете алды. Бұл іс – шара сотталғандардың бос уақытын ұйымдастыруға және оң моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға бағытталған.

Заң мен тәртіп – әрбір отбасының құндылығы

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №19 мекемесінде «Заң...

Қайырымдылық – жүректен шыққан ізгі іс

Қайырымдылық – адамгершілік пен мейірімділіктің жарқын көрінісі. Осы бағыттағы...