Өзбекстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағында сотталғандарға өз отаныңда жазасын өтеуге мүмкіндік пайда болды

2023 жылғы 15 ақпанда Қазақстан Республикасының Президенті «Қазақстан
Республикасы мен Өзбекістан Республикасы арасындағы бас бостандығынан
айыруға сотталған адамдарды жазасын одан әрі өтеу үшін беру туралы
келісімді ратификациялау» туралы Заңға қол қойды.
Осы шарт сотталғандарды бас бостандығынан айыру жазасын одан әрі өтеу
үшін екі мемлекет арасында беру тәртібін реттейді.
Сотталған адамды экстрадициялау талаптары төмендегідей. Оның ішінде
сотталғандарды беру шарттарын және мұндай ауыстырудан бас тарту
негіздерін, Шарт күшіне енген сәттен бастап беру рәсімінің басталуы болып
табылады. Сотталғанды азаматы болып табылатын тарапқа беру рәсімін
бастау үшін, осы адамның немесе оның заңды өкілінің Қазақстан
Республикасының Бас прокуратурасына жіберілген өтініші негіз болып
табылады. Шарт Тараптардың бірі оны ратификациялау туралы
дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен
бастап 6 ай өткен соң күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрлігі Қылмыстық-Атқару Жүйесі
комитеті республикалық мемлекеттік мекемесі «№2 мекемесінде» жазасын
өтеп жатқан Өзбекістан Республикасының сотталған азаматтарына
Қазақстан Республикасы мен Өзбекістан Республикасы арасындағы шартты
ратификациялау бойынша жазасын өз отанында өтеуге ниет білдірген
азаматтарға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...