Көлік жүргізушісі әйелдер колониясына тыйым салынған заттар кіргізбек болған

Алматы облысы мен Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты №10 мекемеге көлік жүргізушісі тыйым салынған заттар кіргізуге тырысты.

Мекеме асханасына азық-түлік тасымалдау бойынша жұмыстарды орындау үшін Жауғашты кентінің №10 мекемесінде Камаз-5320 автокөлігінің жүргізушісі ауа фильтрінің және панель астына тыйым салынған заттарды тығып алып, оларды сотталғандарға пайдалану үшін кіргізбек болған. Алайда, мекеме қызметкерлерінің қырағылығы мен тиімді тексерудің арқасында мекемеге 2 сим карта, көлемі 90 мл 20 этил спирті және 2 шыны кружкасы бар сыйлық қорабының кіруіне жол берілмеді.

«Аталған факті бойынша ҚР ӘҚБтК — нің 481-бабына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен бастапқы материалдар жиналды және одан әрі шешім қабылдау үшін сотқа жіберілетін болады»,- деп атап өтті мекеме бастығы Вилорий Ким.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...