12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жас маман алғаш рет бостандыққа сотталушы шығарды.

Сотталушылар жазасын өтеп болған соң қайда барады? Бұл сауал көпшілікпен көп қойылатыны белгілі. Дегенмен қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлерінің жүйелі бағдарламасының барысында бұл жағдай шешімін тауып келеді.
Абай облысында қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде қылмыстық-атқару жүйесінің жас маманы: тәрбие бөлімінің босатылатын сотталғандарды еңбекке және тұрмыста орналастыру жөніндегі инспекторы Айжан Молдатьянова, топтасып адам өлтіргені үшін сотпен берілген 19 жылдық жазасының 9 айын артта тастап, бостандыққа шыққан сотталушы «Б»-ны қақпа алдында тосқан жұбайымен кездестірді. Өмірінің нағыз қызықты шағын тар қапаста қамауда өкінішпен өткізген сотталушы «Б» енді бұнда қайтып келмеймін деп, мекеме әкімшілігіне бүгінгі кездесу үшін рахмет айтты.

«Босатылатындармен жеке жұмыстар жүргізген кезде аса назар аударатындардың бірі дәл бүгінгі босатылған сотталушы сияқты жаза мерзімін ұзақ өтеушілер болып табылады. Қоғам ортасына қайта оралу, қайта бейімделу, сотталушыны қатты қорқытқан, мерзінен бұрын шартты түрде босатылуының кеш болғандығының себебі де сол болған. Босатылғанға дейін қайда баратынын білмей, баратын мекен-жайын қайта өзгертіп, біраз қиналған болатын. Бүгінгі кездесу қалай болар екен деп қобалжығанымды жасырмаймын, бірақ сотталушымен жүргізілген түсіндірме жұмыстары осындай оң нәтиже беретініне сенім артып едім. Жас маман өзіне тапсырылған жеке бақылау тапсырмасын жоғары дәрежеде орындап шыққанын айта аламын. »-дейді мекеме бастығының орынбасары Айдын Калелов.

Денежное взыскание

01 июля 2021 года вступил в законную силу совершенно...

В области Абай сотрудники УИС поддержали антикоррупционную политику

В области Абай, личный состав исправительного учреждения №19 организовал...

Абай облысында ҚАЖ қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдады

Абай облысында №19 түзеу мекемесінің жеке құрамыарасында сыбайлас жемқорлыққа...

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесі «Шаңырақ» күнімен құттықтайды

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №3 мекемесінің жеке құрамы әр...