Жаңалықтар | Новости

Беларусьте президент сайлауы басталды

Беларусьте президент сайлауы басталды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі TUT.by сайтына сілтеме жасап. 

Сайлау учаскелері Минск уақытымен 8.00-де (Нұр-Сұлтан уақытымен 11.00) ашылды.

9 тамыз – Беларусь президенті сайлауындағы негізгі дауыс беру күні. Бұған дейін елде мерзімінен бұрын дауыс беру өткен, төрт күн ішінде сайлаушылар көрсеткіші (ОСК мәліметі бойынша) 32,24 пайызға жетты.

Бес кандидат президенттікке үміткер: Андрей Дмитриев, Анна Канопацкая, Светлана Тихановская, Сергей Черечень және Александр Лукашенко.

Сайлау кампаниясымен қатар оппозиция өкілдері ұсталып жатыр, сондай-ақ Минскіде және басқа қалаларда санкцияланбаған наразылық акциялары өтіп жатыр.

Комментарий