12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Заңбұзушылықтарға бей жай қарамаңыз

 «Адам құқықтарын қорғау» ұйымының Ютуб видеохостингтеріне мониторинг жүргізу тұрақты әдетіне айналған. Жақнда сондай мониторинг жұмыстары барасында Нарымбай Ермек деп аталатын каналдан, «Мынаған қаншама қаражат бөлінді? ШҚО Көкпекті» деген тақырыппен тараған бейнеролик назарымызға ілінді.

Роликте ШҚО Көкпекті ауылында, коронавирусқа байланысты дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатқанын, жүк көлігіне тиелген бөшке мен дәрі сеуіп жүрген маманды көруге болады. Зерттей келе роликтен Әкімшілік құқық бұзушылық фактісінің орын алып тұрғаны анықталды. Сол бейне роликті көрген бойда, 23.04.2020 ж ІІМ Ерлан Тұрғұмбаевтың блогына жедел түрде шара қолдануға өтініш жолдадық. Өтініш жолданған күні ертесіне ШҚО ІІД нен хабарласып, шара қолданатындығын хабарлады. Яғни 24 сағаттың ішінде коронавируспен күресіп жүрген мамандардың заң бұзушылық әрекеттеріне шара қолданылып 36 жастағы жүргізушіге 5 АЕК айыппұл салынды. Ал сол бейне роликте вирусқа қарсы дәріні дұрыс шашпай көз бояушылықпен жұмыс жасап жүрген маманның әрекетіне шара қолдану үшін, Денсаулық Сақтау Министрі Біртановқа өтініш жолданды.
Біздің мекеме алдағы уақытта да Ютуб Видеохостингінде жарияланған заң бұзушыларды жауаптылыққа тартуды жалғастыра береді. Адам құқықтарын қорғау, азаматтық қоғам құру арқылы ғана ізгі қоғам құра аламыз. Сондықтан айналаңыздағы заңбұзушылықтарға бей-жай қарамаңыздар!

Ершат Искандаров, Адам құқықтарын қорғау ЖШС Директоры

Қабан атып сотталғандар жазасын алды

Адам түгілі төрт аяқты жануардың өзіне құрметпен қарайтын. Тіпті,...

Бір жыл ішінде қайталап жасалған әкімшілік құқық бұзушылық әрекеттер үшін әкімшілік жауаптылық көзделген

       Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...

Келес ауданында заңды бұзған жігітке ескерту берілді

Сотталғандардың мекен жайы бойынша кешкі уақытта тексеру шарасын Келес...

Құқық бұзушылықтың жазасы ауыр

Жуырда Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД қарасты...