12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Жер дауына жол бермейтін мамандар

14 наурыз — Геодезия және картографтар күні

2017 жылы ҚР Премьер-Министрінің кәсіби мерекелер туралы қаулысы бойынша, наурыздың екінші сенбісі Геодезия және картографтар күні деп белгіленген еді. Жерге орналастыру қызметі бұрын түгелдей мемлекеттік мекемелерде жүзеге асырылып келген еді. Тәуелсіздік жылдары бұл саладағы монополияны жою үшін көптеген қызмет түрлері нарыққа жіберілді. Сол себепті ондағы мамандардың нақты санын ешкім тап басып, дәл айтып бере алмайды. Мәселен,  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы коммерциялық емес  акционерлік  қоғамының  Алматы  қаласы бойынша филиалының  Жер кадастры басқармасында 37  адам жұмыс жасайды. Олардың ең жасы 25-те болса, ең үлкені 55-те екен. Бұл мекемедегі еңбек өтілі ең көп адамның бірі – Айдар Шыңғысов.

–1995 жылы Қ.Сәтбаев атындағы политехникалық институтты  геофизика мамандығы бойынша бітірдім.  Бұл салаға 1998 жылы жай маман болып келгем.  Бүгінгі таңда жетекші маман болып жұмыс жасаймын. Біздің бала кезімізде жерге орналастыруға қатысты түрлі мамандықтардың барын білетін  адам  өте аз болатын. Мен де оны алғаш таныстар арқылы білдім, ал оған келуіме қасымдағы жолдастарым себеп болды.  Жұмысқа алғаш тұрған кезде мұндағы қызметкерлердің тең жартысы басқа ұлт өкілдері болатын. Бұл мамандықтың бір ерекшелігі біз орында отырмаймыз. Күн сайын сыртқа шығып участоктарды өлшейміз, арасында тау-тасқа да шығып жатамыз.  Күніне бәлен шақырым жерді жаяу жүреміз. Сонысымен де қызық. Елге өз жерінің нақты көлемін, шекарасын білмей жатқан кезде көмектесеміз. Соның бәрін анықтауға өзіміздің үлесімізді қосамыз. Жұмыс барысында әртүрлі жағдайлар болып тұрады. Талай учаскеде иттерден қашып, олардан қолымыздағы таяғымызбен ғана қорғанған кезіміз болды. Кейде екі тарап жерге байланысты дауласып қалған жағдайда екінші жағы қолына қару алып, балтамен қуған сәттер де бүгінгідей есімде. Жалпы жерге орналастырушы қызық мамандық. Өзімнің ұл-қызымды болмаса да, талай практикантты осы мамандыққа баулып, олардан көмегімді аяған жерім жоқ.  Білем деп келген адамның талабын ұштау әркімнің де парызы ғой. Кейде бөлімдегі әріптестерім «сіз оқытқан балалардың бәрі бастық боп кетіп жатыр» деп қалжыңдайды. Бұл әрине мен үшін де зор мақтаныш. Олар да әрдайым көрген жерде «сіз біздің ұстазымыз болдыңыз» деп мерейімді асырып тұрады. Өз ісінің маманы болуды алдына басты мақсат етіп қойған адам үшін бұдан артық қандай қошемет керек» дейді ол ағынан жарылып.

Жалпы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ-ның  Алматы  қаласы бойынша филиалының  Жер кадастры басқармасы қызметкерлері қала бойынша жергілікті атқарушы органдардың шешімімен берілген  жер телімдерінің аумағын өлшеп  есепке  алып, электронды картаға түсіру, кадастрлық нөмерін  тіркеу,  жердің мемлекеттік актісін сәйкестендіру,  реттеу сынды маңызды жұмыстар атқарды.

Басқарма басшысының орынбасары Алтай Нұрқановтың айтуынша, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы» КЕ АҚ-ның  Алматы  қаласы бойынша филиалының  Жер кадастры басқармасы бүгінгі таңда бай тарихымен ғана ерекшеленбейді. Онда өзара үйлесім тапқан орта буын және жас буыннан құрылған мықты ұжым бар. Жоғары оқу орнын жаңа ғана бітіріп,  жұмысқа енді орналасып жатқан жас мамандар үшін 20 жылдан астам уақыттан бері бұл салада қызмет атқарып келе жатқан Алмас Икранбеков, Қанат Өтегенов, Абзал Омаров, Нұрлан Маусымбаев, Айдар Шыңғысов, Арай Есалова, Анар Мұқашева, Салтанат Молдабаева, Айсұлу Садыханова, Махаббат Сапарғалиева, Гүлнұр Данышпанова секілді тағы басқа да тәжірибелі мамандардың өмірі әрдайым үлгі-өнеге болып келе жатыр.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ,

 «Заң газеті»

[ratings]

МЕДИКИ В ЗОНЕ РИСКА

ДЕПАРТАМЕНТ ПО ПРОТИВОДЕЙСТВИЮ КОРРУПЦИИ ПО АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ И РЕГИОНАЛЬНОЕ...

КОРЕЙСКАЯ КУЛЬТУРА – ДЛЯ ВСЕХ

СО ДНЯ ОСНОВАНИЯ ДОМА ДРУЖБЫ В РАБОТУ АКМОЛИНСКОЙ АССАМБЛЕИ...

«Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына конкурс жарияланды

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Қазақ ұлттық өнер университеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің ректоры бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Объявлен конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств»

Министерство культуры и информации Республики Казахстан объявляет конкурс на занятие вакантной должности ректора республиканского государственного учреждения «Казахский национальный университет искусств» Министерства культуры и информации Республики Казахстан.

ДОБРОВОЛЬЦЫ-РОМАНТИКИ

Одним из лучших способов проявить себя в благородном деле,...