275 сотталған жұмыспен қамтылған

Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мекемесінде жазасын өтеуші жұмыспен қамтылған сотталғандардың саны 275. Оның ішінде «Арғымақ» жеке кәсіпкерлігі 40-тан астам сотталғандар азаматтарды жұмыспен қамтып, ағаштан астау табақтар жасап шығарумен айналысады.

Мекемеде жазасын өтеуші сотталғандарды барынша жұмыспен қамтамасыз ету және сотталғандардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында жергілікті шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін тарту жұмыстары жүргізілуде. Сотталғандар айлық жалақыларынан сот үкімімен белгіленген мемлекет шығындарын өтеуде. Бұл дегеніміз, сотталушылардың қайта тәрбиеленіп, бостандыққа шыққаннан кейін Қазақстан Республикасының толыққанды жеке тұлғасы болып қалыптасуына оң ықпалын тигізері сөзсіз.

Ағымдағы жылдың мамыр айының 23 жұлдызында №60 мекемесінің өндірістік аймағында жеке кәсіпкерлерге «Ашық есік» күні өткізіліп, ұйымдастырылу жоспарлануда. Осы орайда, қаламыздың барлық кәсіпкерлерін «Ашық есік» күніне шақырамыз.


Адина Ұзақбай
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД

Сотталғандар арасында өткен жазғы спартакиаданың салтанатты жабылу рәсімі өтті

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

ҚАЖ жүйесіндегі өндіріс саласының дамуына тағы бір маңызды қадам

Президент Әкімшілігінің тапсырмасы аясында Алматы және Жетісу облыстары бойынша...