12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

Еңбекті бағалау — елге сын

«Билік айту оңай, біліп айту қиын» деген қазақта ұлағатты сөз бар. Сондықтан әділ шешім қабылдап, даулы іске төрелік айтатын сот өте сауатты, қарым-қабілеті жоғары болуы шарт. Демек, саладағы әрбір іс толық мемлекеттік қадағалауда, сот саласының сапалық тұрғыдан жақсаруына толық жағдай жасалып жатыр деп айта аламыз. Халықпен санасып оның пікірін ескере отырып жасалған жұмыстың нәтижесі жемісті болатынына күмән жоқ. Оған түрленген Индер аудандық сотының бүгінгі бейнесі нақты дәлел.
Атырау облысы Индер ауданы құрылғалы мәліметтерге қарағанда Индер аудандық соты алғашында «Гурьев облысы Есбол аудандық халық соты» деп аталған. Аудандық сот кеңсесі Есбол ауданының орталығы Кулагино селосында 1933 жылы құрылған. Аудандық халық сотының ең алғашқы сот төрағасы болған азаматтар жөнінде деректер сақталмаған.
Аудандық соттың халық судьясы болып 1965–1972 жылдары Зинор Әбитов, 1972–1983 жылдары Тасболат Қабдиев, 1983–1990 жылдары Дәулет Садбанов қызмет атқарса, сот төрағасы қызметін 1990–2002 жылдары Хисмет Уразалиев, 2002–2007 жылдар аралығында Әділ Құспанов, 2007–2010 жылдар аралығында Ғалымжан Ибрагимовтар істеген. 2009–2014 жылдар аралығында Ерболат Аманғалиев атқарған. Судья Әділ Құспанов та аудан көлеміндегі сот саласында заңның салтанат құруына, әділ төрелік үстемдік етуіне аянбай атсалысып келеді.
Сот жүйесінің дамуына өзіндік үлес қосқан судья марқұм Хисмет Уразалиевті замандастары бүгін құрметпен еске алады. Ол осы Атырау облысы, Индер аудандық сотына алғаш 1990 жылы төраға болып тағайындалып, аудан көлемінде абыройлы қызмет етті. Ол кісі 2002 жылға дейін сот төрағасы болып қызмет атқарған. Өзінің қызмет жасаған уақытында сот жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлесі және көпжылдық жемісті еңбегі үшін – Жоғарғы Соттың медальдерімен марапатталған, мінсіз қызметі және сот-құқықтық жүйесінің дамуына қосқан қомақты үлесі үшін облыстық соттың бірнеше алғыс хаты, медальдарымен «Бөкен би» белгісін алған.
Аға буынның қажырлы еңбегі ұрпаққа мәңгі үлгі-өнеге болып қала бермек. Елі үшін адал қызмет атқарған азаматты ардақтау – ұлтымыздың аса қастерлі дәстүрі. Қазақ мұндайда «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын», – деп жатады. Осындайда жақсылықты жақтайтын, адамдықты сақтайтын барша жұрттың көңілі бір марқайып қалары сөзсіз. Бір өкініштісі, ол кісі өмірден ерте кетті, 2002 жылы Индер аудандық сотынан Қызылқоға аудандық сотына төраға болып тағайындалып, 2003 жылы өмірден озды. Білікті маманның кейінгі ұрпаққа берген тәжірибесі мол. Сонымен қатар, аталған кезеңдерде осы сотқа маман ретінде келіп, басқа өңірлерге судьялық қыз­метке тағайындалған Тыныштық Нуримова, Зарема Хамидуллина, Алмагүл Сұлтангалиеваның да сот жүйесінің дамуына қосқан үлесі зор. Және ұзақ жыл кеңсе маманы ретінде қызмет атқарған Зоя Рахматуллина қазіргі уақытта зейнет жасында. 40 жылға жуық қызмет атқарып отырған ардагер Гульфара Егизбаеваның да еңбегін ерекше айтуға болады. Кеңсе мамандары Ш.Кулшарипова, А.Ергалиева,
А.Алиева, А.Курманбаева, А.Диярова, П.Имангалиевалар да сот жүйесінің дамуына өз үлестерін қосуда.

Жанат Хабаров,
Индер аудандық сотының төрағасы
Атырау облысы

Сот хатшысы болу абыройлы міндет!

Сот саласында сот хатшысының өз орны бар. Бірде-бір процесс...

Үлкенге де, кішіге де қамқор аға

Қазақстан соттарының төл мерекесі тек сот қызметкерлері үшін ғана...

ДАМУ ЦИФРЛАНУҒА ТІКЕЛЕЙ ТӘУЕЛДІ

Сот жүйесінің кешегісіне көз жүгіртіп, бүгінгісіне талдау жасайтын болсақ...

Жүйе Конституциялықнегіздерді нығайтты

Конституцияға сәйкес республикада мемлекеттік билік біртұтас. Ал Конституция мен...

Ардагер-судьяларға алғысымыз шексіз

Кәсіби мерекені белгілеудің өзіндік мәні бар. Бұл әр мамандықтың...