2024-25 жылдары баспана тапшылығы болуы мүмкін – Қазақстан құрылысшылар одағы

Қазақстан құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев елде күзге қарай құрылыс материалдарының бағасы қымбаттайтынын болжап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Құрылыс материалдарының нарығындағы өндірістік және сауда-саттық тұрақсыздыққа байланысты бүгінде көптеген компаниялар жоспарларын қайта қарап, қрылыс көлемін қайта есептеп жатыр. Сондықтан алдағы уақытта, 2022 жылы болмаса да, 20224-2025 жылдары баспана тапшылығы сезілуі мүмкін», — деді ол ҚазАқпарат тілшісіне телефон арқылы берген шағын сұхбатында.

Айтуынша, құрылысқа қажетті негізгі материалдың басым бөлігі әлі де болса сырттан әкелінеді. Яғни, құрылыс материалының бағасы қымбаттай түсуі мүмкін.

«Кейінгі 7 жылдағы жағдайды алып қарасақ, сол арқылы алдағы уақыта болжам жасасақ, баспана нарығындағы инфляция 12%-14% болып, құрылыс материалдарының бағасы кемінде 10%-15% қымбаттайтынын көреміз. Сондықтан ахуал тұрақтана қоймайды. Керісінше осы қарқынмен шиеленісуі мүмкін», — деді құрылысшылар одағының басшысы.

Мұндай болжамның мәнін Талғат Ерғалиев былай түсіндірді.

«Ресей қарсы салынып жатқан санкциялардың құрылыс нарығына түсіретін шынайы салмағын біз тамыз-қазан аралығында сезінеміз. Әзірге материал мен тауардың қоры жеткілікті. Бірақ шамамен күзден бастап санкциялардың шынайы әсерін көреміз. Осы кезде құрылыс бағасы қайта қымбаттайды», — деді сарапшы.

Бұған дейін Құрылысшылар қауымдастығының басшысы Виктор Микрюков алдағы екі айда баспана қымбаттамайтынын болжаған еді.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...