2024 жылы орташа жалақы мен зейнетақы мөлшері қандай болады?

Қаржы министрлігі «2024-2026 жылдарға арналған республикалық бюджет» туралы заң жобасын әзірледі. Құжатта 2024 жылы орташа жалақы мен зейнетақы қанша болатыны көрсетілген. Бұйрық жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланған, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жобаға сәйкес, 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап:

  • ең төменгі жалақы мөлшері — 70 000 теңге;
  • мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері — 28 215 теңге;
  • зейнетақының ең төменгі мөлшері — 57 853 теңге;
  • базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасы — 43 407 теңге болмақ.

Заң жобасына сәйкес «жасына байланысты зейнетақы төлемдеріне және еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдеріне бағытталған қаражат олардың мөлшерін 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап 9,0 пайызға арттыруды ескере отырып көзделгені белгіленсін» деп қабылданды.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға мемлекет жарналарының мөлшері — мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 1,9 пайызы.

Заң жобасы 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қоғамдық талқылауда болады.

Елімізде жаңа арзан ипотека бағдарламасы іске қосылады 

Үкімет елдегі көмір электр станцияларын дамытуға арналған 7,5 трлн теңгелік бағдарламаны бекітті.

25 наурызға арналған валюта бағамы 

Елдің ірі қалалары – Астана, Алматы және Шымкенттегі айырбастау пункттерінде доллар, еуро мен рубль қандай бағаммен сатып алынып, сатылып жатыр.

Қазақстан мұнай тасымалында негізгі бағытты белгіледі 

Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Қазақстанның мұнай саласындағы ахуал туралы мәлімет берді.

Тоқаев Грекия президентіне жеделхат жолдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Грекия президенті Константинос Тасуласқа құттықтау жеделхатын жолдап, Грек Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Алматыдағы кісі өлімімен аяқталған ірі жол апаты: Қазақстандықтар ашық сотты талап етуде

Жол апатынан 3 адам қаза тапты. Алматыда әл-Фараби даңғылында болған...