18 адамға қаңтардағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды деп айып тағылған

Бас прокурор Берік Асылов 18 адамға Қазақстанда қаңтардағы тәртіпсіздікті ұйымдастырды деп айып тағылғанын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

5 қаңтарда Мәжілістегі арнайы тыңдаулар барысында құқық қорғау органдарының өкілдері қаңтар оқиғасына қатысты тергеудің қорытындысын жариялады. Парламент кулуарында журналистер бас прокурордан ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов өз мүддесі үшін әрекет етті ме, әлде біреудің тапсырмасын орындады ма деген сауал қойды.

«Бұл істер өте құпия режимде тергеліп жатыр. Сондықтан нақты осы сұрақтарды осы істі тергеп жатқан Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жолдар едім. Біз тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру бойынша 18 адамға қатысты іс қозғадық. Көптеген іс кетті. Егер нақты фамилиялар қажет болса, қосымша көтере аламыз», — деп жауап берді бас прокурор Берік Асылов.

Азаматтық істердегі эксаумақтық соттылық: сот төрелігінің тиімділігін арттыру тетігі

Қазіргі таңда азаматтық-құқықтық қатынастардың кеңеюі мен қоғамның цифрлануы сот...

БАЛА ТҰЛҒАСЫ ЖӘНЕ ПЕДАГОГ КӘСІБИЛІГІНЕ АРНАЛҒАН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Бүгін Абай университетінде «Бала тұлғасы және педагог кәсібилігі: мектепке...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ КӨШПЕНДІЛЕР ӨРКЕНИЕТІН ЗЕРТТЕУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Абай университетінде «Көшпенділік – мәдениет пен өркениет түрі: заманауи...