15 сәуір – «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күні

2026 жылдың 17 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультеті «Шетел филологиясы және аударма ісі» кафедрасының аға оқытушысы Бектурова Эльмираның жетекшілігімен «6В02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдер)» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері «Сапалы білім» ТДМ-4 аясында «15 сәуір – «Қозы Көрпеш-Баян Сұлу» күні» атты іс-шара өткізілді.

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні – қазақ халқының мәдениеті мен рухани құндылықтарында ерекше орын алатын мереке. Бұл мереке – шынайы сезімнің, адалдық пен бір-біріне деген құрметтің маңыздылығын еске салатын тамаша күн.

Қозы мен Баянның тағдыры – махаббат жолындағы беріктік пен тазалықтың үлгісі. Олардың оқиғасы ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, жастарды адалдыққа, сыйластыққа және сүйіспеншілікке тәрбиелейді.

Бұл күн ресми түрде бекітілмесе де, қыз-жігіттер арасында Ұлттық ғашықтар күні ретінде кеңінен аталып өтеді. Ғашықтар бір-бірін махаббат күнімен құттықтап, сыйлық тарту етеді, көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын іс-шаралар ұйымдастырады.

Студенттік шақ – тек білім алатын ғана емес, ең жарқын эмоциялар мен ұмытылмас сәттердің кезеңі.

Қозы Көрпеш – Баян Сұлу күні ұлттық құндылықтарды жаңғыртудың маңызды үлгісі. Бұл мереке жастарға қазақ мәдениетіндегі махаббат ұғымының терең түсінуге мүмкіндік береді.

Шынайы сезім, адалдық және уәдеге беріктік – бұл күннің басты идеясы. Сондықтан Қозы мен Баян туралы аңыз тек өткеннің мұрасы емес, бүгінгі ұрпақ үшін де рухани құндылық болып қала береді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқытушысы Э.К. Бектурова

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....