12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қайырымдылық асыл қасиет!

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қайырымдылық, волонтерлік, меценаттық секілді әрекеттерді жоғары бағалап соңғы жылдары еліміздегі алтын жүректі жандарды бағалап, олардың айналасына, қоғам үшін жасап жатқан ізгі әрекеттерін ынталдандырып отыру қаажет екенін жиі айтып жүр. Мәселен «Қайырымдылыққа тікелей және жанама түрде атсалысатын адамдардың саны тұрақты артып келе жатқанын көріп отырмыз. Қызметкерлердің волонтерлік жұмысын еңбек кітапшасына міндетті түрде тіркеу туралы шешім қабылданды» деген болатын бір сөзінде.

Сондай-ақ бүгінде Президент бастамасымен қайырымдылық жобаларға бағытталған ірі бизнес табысын 3% және шағын және орта бизнес табысын 4% көлемде салықтан босату заңнамалық тұрғыда қарастырылған. Бірақ шағын және орта бизнес бұл жеңілдіктерді пайдаланбай отыр. Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жағдайға талдау жасап, осы бағытта тиісті жұмыс жүргізуге тапсырма берді. Бизнестің қайырымдылыққа қаржы аударуы  ыңғайлы әрі тиімді  болуға тиіс екенін атап өткен мемлекет басшысы «қайырымдылық қорларға қаржы түсуінің және оның әрі қарай жұмсалуының  ашық болуын қамтамасыз ету қажет. Бұл бағытта күңгірттікке жол бермеу керек. Қазір қайырымдылық жасайтын азаматтар мен көмек алушылардың реестрін құру бастамасы іске асырылуда. Бұл міндеттің барынша нақты орындалуына мүмкіндік жасаған жөн. Қайырымдылық жобалар арқылы өтетін барлық қаржының жұмсалуына ақпараттық және қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету қажет, – деген де болатын. Қалай болмасын мұның барлығы халқымыздың бойындағы қайырымдылық қасиеттерін жоғалтып алмай, керсінше оны одан әрі дамыта отырып, ізгі қоғам құруға бағытталып отыр. Яғни, Президентіміз жеке қайырымдылықтың барлық түрі дамуы керек деп санайды. «Әр адамның бастама көтеріп, өз қаржысын қайырымдылық мақсатқа бөле алатын жүйе құрылуға тиіс» дей келе, «Өкінішке қарай, тиісті ақпараттық жұмыстар талапқа сай жолға қойылмаған, адамға сенім ұялататын тетіктер жасалмаған. Кейде бұқаралық ақпарат құралдарынан азаматтарымыз кімге және қалай көмектесуге болатынын білмейді деген ақпаратты естіп қаламыз. Ал егер азаматтарымыз мұндай жұмыспен айналысатын болса, олардың қайырымдылық қаржысы қай мақсатқа пайдаланылатынын нақты білу керек», – деген еді.

Расында да елімізде қайырымды жандар өте көп. Егер ел басшысы атап өткендей қайырымдылық жұмыстары ашық жасалып, меценаттықпен айналысатын азаматтарды ынталандыра алсақ, еліміздегі қайырымды жандарды ынталандырған болар едік. Елімізде қайырымды жандар өте көп. Тіпті олар бұл бағыттағы ісінің жария болғанын қаламай да жатады. Дегенмен басқа жандарға үлгі болуы үшін олардың ісін көбірек насихаттаған жөн.

Сондай жандардың бірі Айгерім Халмурадқызы Умарова. Өзі кәсіпкер, Ел Жанашыры, қоғам қайраткері. Өзінің кәсібін дөңгелетіп отырып тапқан, адал қаржысын талай рет қайырымдылыққа да бағыттап келеді. Мәселен былтыр желтоқсан айында Президенттік шыршаға қатысатын ата анасы жоқ балаларға сыйлыққа 1,5 млн теңге көлемінде қаржы бөлді. Осы күнге дейін өз отбасына, бауырларына ғана емес, жалпы қоғам үшін пайдалы болуды көздеп келеді. Көп жағдайда ол бұл әрекеттерін жасырын ұстап, қайырымдылық асыл қасиеті екенін дәлелдеп келеді.

Тағы бір кең жүректі, атымтай жомарт азаматымыз Жаппай Көкпар Президенті АЙТБАЕВ ҒАЛЫМ КУАНЫШОВИЧ. Бұл азаматқа қайырымдылық жасау әдетіне айналып кеткен десек те болады. Солардың бірін мысал келтіре кетсек, Парламент Мәжіліс депутаты Рожин Максим Николаевич мырзадан үйін тонап кеткен, Ұзынағаш тұрғыны көмек сұрап хабарласады. Адал еңбекпен тапқан таянғанының қолды болуы орта тұрмыстағы жанға оңай тимесі белгілі. Ұрылардың басынғанынан жаны күйзеліп, әділдік іздеген анаға біздің кейіпкеріміз өз қаржысынан орнын толтырып, босап қалған үйінің керек жарағын түгелдеп берді. Ғалым Айтбаевты осы әрекеті ақ танымайтын жанға қол ұшын созуы нағыз Ел Жанашыры екенін танытса керек. Танымайтын жанға өз қалтасынан 5- млн қаржыны суырып бере салып, ананы жұбатқан әрекеті кез келген жанның қолынан келе бермесі анық. Бұл оның көп қайырымды ісінің бірі ғана. Ал енді осындай азаматтардың қайырымды әрекеті қоғам тарапынан бағаланып, қайырымдылық талайлардың жалпы өмір сүру салтына айналса қанекей!

Айта берсек ел ішінде мұндай қайырымды жандар жетерлік. Тек Президент атап өткендей олардың ізгі амалы қоғамды ынталандырып, ізгі қоғам құру, әділетті Қазақстан құру жолында бағаланса игі!

Динара Бердімұрат

Түркістанда «Заң және Тәртіп — қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына...

Қызылордада сотталғандарға «Дін және тарих тағылымы» тақырыбында кітап көрмесі ұйымдастырылды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №68 мекемесінде тәрбие бөлімінің...

Мектеп оқушылары және колледж студенттерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Шырақбек Қабылбаев атындағы Қостанай...

Қызылордада сотталғанға есірткі жеткізбек болған азамат анықталды

Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД-ның №60 мекемесінде тыйым салынған заттарды...

«ҚАЗАҚ» ӨЗ ОҚЫРМАНЫМЕН ҚАЙТА ҚАУЫШТЫ

1994 жылы ата-бабаларымыздың құрып, аманаттап берген тәуелсіздігін қайта тіктеп,...