ШҚО-да Қарттар күніне орай түзету мекемесінің қызметкерлері ерекше акция өткізді

ШҚО бойынша ҚАЖ департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, # 16 мекемесінің қызметкерлері Халықаралық қарттар күніне орай әжелер мен аталарға арналған акция ұйымдастырды.

«Қарттар күні — бұл әрбір отбасы үшін ерекше күндердің бірі. Осы мерекеде барлық ізгі ниет пен шынайы тілектер қазыналы қариялар мен ақ жаулықты апаларға арналады. Акцияға ҚАЖД қызметкерлерінің балалары қатысып, зейнеткерлердің үйлеріне барып қайтты. Бұндағы мақсат — балаларды үлкендерге қамқорлықпен қарауға, мейірімділікке және жанашырлыққа тәрбиелеу», — деді мекеме бастығының орынбасары әділет майоры Бакытжан Ниязбеков.

Шара барысында аға ұрпаққа құттықтаулар айтылды. Балалар өлең оқып, ән айтып, өздері салған суреттерін табыстады. Қуаныштан көздеріне жас алған қарттар өз ризашылықтарын білдірді.

Казахстан строит больше жилья на человека, чем ЕС и США

Политолог Андрей Чеботарев разобрал показатели развития Казахстана, которые Президент...

Флешмоб ко Дню Республики запустили казахстанские студенты за рубежом

Студенты, которые учатся в иностранных вузах по программе «Болашақ»,...

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...