12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img

10 миллион теңге моральдық зиян өндірілді

Байқоңыр қалалық сотына талап қоюшы Ш. жалғыз ұлынан айырылуына байланысты жауапкер В.-дан моральдық зиянды өндіріп алу туралы талап қоюмен жүгінген.

Талап қоюшы өзінің талап қоюында жауапкер В. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 12 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылғанын, жауапкер В.  ұлын өлтіргені үшін кінәлі деп танылғанын көрсеткен.

Қылмыстық іс аясында талап қоюшы жәбірленуші деп танылған. Сонымен қатар, қылмыстық іс бойынша азаматтық талап берілмеген.

Талап қоюшы сотта жауапкердің қылмыстық әрекетінен азап шеккенін, жалғыз ұлынан айырылғанын көрсетіп, талап қоюды толық қанағаттандырып, 10 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіруді сұрады.

Жауапкер қазіргі уақытта үкім бойынша жазасын өтеп жатқанын, жазаны өтеу кезеңінде жұмыспен қамтамасыз етілмегенін және моральдық зиянды өтеуге материалдық мүмкіндігі жоқ екенін түсіндіріп, талап қоюшыға моральдық зиянды мүмкіндігінше төлейтінін көрсетті.

Сот шешімімен қылмыспен келтірілген моральдық зиянды өтеу туралы талап қанағаттандырылып, жауапкер В.-дан 10 000 000 теңге мөлшерінде моральдық зиян өндірілді.

Сот шешімі заңды күшіне енді. 

Байқоңыр қалалық соты

Сыбайлас жемқорлықпен күресу жолдары

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекеттің беделін...

Мемлекеттік тіл және сот төрелігі

Мемлекеттік тіл – мемлекеттің құқықтық, саяси және рухани негізін...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – қоғам дамуының кепілі

Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуына кедергі келтіретін, мемлекетке деген...

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекеттің конституциялық негізі

Тәуелсіз сот – құқықтық мемлекет қағидаттарының ажырамас бөлігі және...

Судья болу – мәртебелі міндет

Судья болу – мәртебелі міндет. Судьялықтан үміткерлерге қойылатын талаптың...