1 қаңтардан бастап әлеуметтік төлемдерді тағайындау ережелері өзгереді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мемлекеттік төлемдер мен әлеуметтік қызметтер проактивті форматта тағайындалатынын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«1 қаңтардан бастап әлеуметтік саладағы төлемдер мен қызметтердің барлық түрлері проактивті форматта ұсынылады. Яғни, азаматтарға әлеуметтік төлемдер мен әлеуметтік көмек ақпараттық жүйеде бар деректер негізінде тағайындалады. Қолданыстағы қағаз құжаттар жүйеден кезең-кезеңімен шығарылады», — деді Дүйсенова Үкімет отырысында.

Айта кетейік, мемлекеттік қолдау толығымен проактивті форматқа ауысады деген норма жаңа Әлеуметтік кодексте қамтылған. Кодексті бүгін, 27 желтоқсанда Үкімет бекітті.

Жаңа ереже бойынша азамат мемлекеттік қолдауды тиісті органдарға жүгінбей-ақ ала алады. Бұл қажеттілікті мемлекет өзі анықтайды және барлық процедураларды автоматты түрде орындайды.

Проактивті формат азаматқа мемлекеттік қызметті алуды мемлекеттің өзі ұсынатын жүйе. Мысалы, жаңа туған нәрестенің анасы мобильді азаматтардың базасында тіркелсе, нәресте дүниеге келгеннен кейін оған хабарлама келеді. Әйел оған жауап беру арқылы нәрестенің туу туралы куәлігін ғана емес, әлеуметтік төлемнің тағы екі түрін беріп, баланы балабақша кезегіне қоя алады.

Служба пробации Жетысуского района Алматы усилила профилактическую работу в рамках ОПМ «Безопасный дом»

В рамках оперативно-профилактического мероприятия «Безопасный дом» сотрудники службы пробации...

Атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау

Қазақстан Республикасында атқарушылық іс жүргізу саласындағы заңдылықты сақтау, азаматтардың...

Сыбайлас жемқорлық – қоғам дамуына кедергі келтіретін қауіпті құбылыс

Қоғамның өркендеуі мен мемлекеттің тұрақты дамуы заң үстемдігіне, әділдікке...

Ұлттық жоба аясында жеті қалада кәріз-тазарту құрылысы салынуда: министрлік басты мәселелерді атады

Елімізде кәріз-тазарту құрылыстарының жай-күйі мәз емес. Кейбірінің тіпті әбден...