№79 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші әйелдер арасында спорттық эстафета өткізілді

Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №79 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші әйелдер арасында спорттық эстафета өткізілді. Бұл шараның мақсаты сотталған азаматшалардың денсаулығын жақсарту, салауатты өмір салтын насихаттау және көтеріңкі көңіл-күй сыйлау болды. Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар медальдармен және дипломдармен марапатталды. 
Бұл іс-шара сотталған әйелдердің қоғамдық өмірге араласуын арттырып, олардың психологиялық жағдайын жақсартуға және түзелу процесін жеделдетуге оң әсерін тигізді.

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде «Өмірдің маңызы бар» тақырыбында тренингтік іс-шара өткізілді

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде психолог мамандар...

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...