№57 мекеменің ҚАЖ қызметкерлері донор болды

Алматы облысы және Жетісу облысы бойынша ҚАЖД қарасты № 57 мекеме қызметкерлері донор болып қан тапсырды.

«Қан тапсырды — өмірді құтқарды» қайырымдылық акциясына, Алматы облысы ҚАЖ қызметкерлері кезекті рет тағы қатысты.

Әлеуетті донорлардың жалпы денсаулық жағдайын тексергеннен кейін, Қонаев қалалық ауруханасы 10-ға жуық ҚАЖ қызметкеріне қан тапсыруға рұқсат берді.

Өз мысалымен қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері қан донорларының қатарына мүмкіндігінше көп азаматтарды тартқысы келеді.

«ҚАЖ қызметкерлерінің жұмысы — өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін мамандық, сондықтан погондағы адамдар, донорлықтың қажеттілігін жақсы түсінеді», — деп атап өтті ҚАЖД бастығының орынбасары Жәнібек Қосжанов.

Абай облысындағы қауіпсіздігі төмен мекеме сотталғандары театр маусымының ашылуына қатысты

4 қыркүйекте Семей қаласында жаңа театр маусымының ашылуына арналған...