№2 мекемесінде балық аулау бойынша спорттық жарыс ұйымдастырылды

Астана қаласы бойынша ҚАЖ департаментінің №2 мекемесінде Балықшылар күніне орай балық аулау бойынша спорттық жарыс ұйымдастырылды.

Іс-шара достық атмосферада өтіп, қатысушылардың үлкен қызығушылығын тудырды. Жарыс ұжымдық рухты нығайтып, белсенді демалыс пен командалық өзара әрекеттестікті дамытуға ықпал етті.

Сайыс қорытындысы бойынша келесі номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды: «Ең ірі олжа», «Ең жылдам ұстау» және «Ең ерекше аулау тәсілі». Жеңімпаздар мақтау қағаздарымен марапатталды.

Мұндай іс-шаралар ұжымда салауатты ахуалды қалыптастыруға, қызметкерлердің мотивациясын арттыруға және белсенді әрі пайдалы демалысты насихаттауға септігін тигізеді.
Нәтижесінде достық жеңді!

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...