«Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте»

Тіл мемлекеттің тұғырлы тірегі, халықтың рухани байлығы, өткені мен болашағының айқын көрінісі. Ана тілінің қадір-қасиетін білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына теңеген. Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Адамды мұратқа жеткізетін – ана тілі мен ата дәстүрі. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі.

Мемлекеттік тіл тәуелсіздігіміздің жырын жырлап, бұғанасын қатайтты. «Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы — тіл» деген Ахмет Байтұрсыновтың қасиетті қағидасына сүйенсек, Ата заң аясында бақ берекеміздің сақталып отырғаны тіл саясатын да дұрыс жүргізудің жемісі екені анық. Тілдің мәселесі – ұлттың мәселесі.

Тіл – тәуелсіздіктің айғағы. Тіл мен егемендік егіз ұғым. Тіл – тәуелсіздіктің қуатты тірегі, бірлік пен ынтымақтың жығылмас туы. Қазақ елі тәуелсіз мемлекет болып орнағалы ширек ғасырға таяу уақыт болды. Мемлекеттік тіл – қазақ тілі деп жарияланды. Біздің қазақ халқының тілі өте бай, айтылуға орамды, көркем тіл. Тіл ақылдың – өлшемі. Тіл  — адамның барлық саналы өмірінің құралы: өнер-білімді, мәдениеттілігі, қоғамның белсенді азаматы болуды ол тіл арқылы үйренеді. Тіл, оның ішінде біздің ана тілі еліміздегі халықтардың барлық іс-әрекетінің, қарым-қатынасының құралы болуы тиіс, оның мәдениетін жоғары сатыға көтеру әрқайсымыздың борышымыз. Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту мен тілге деген құрметті арттыру мақсатында көптеген мемлекеттік бағдарламалар мен іс –шаралар ұйымдастырылуда. Оның нәтижелері де жеткілікті.

Тілді насихаттауда, үйретуде жеке адамдардың, отбасының атқарар қызметі мол болуы тиіс. Әрбір отбасында, осынау тілге деген жанашырлық болса, тама-тама тамшыдан дария болар дегендей, тіліміздің жағдайы әлдеқайда жоғары деңгейге көтерілер деп ойлаймын.

Әр адамның азаматтық қасиеті – өз халқын, өзінің атамекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің тілге деген құрметін өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрметінен білуге болады. Өз ана тілін – ұмытқан адам – өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді. Осыны қазақ жастары түсінсе екен деймін. Алайда осыны ескермей орыс тілінде шүлдірлеп, қазақ тіліндегі әнді тыңдауды қор санап жүрген қазақ жастары қаншама. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», — деген Қадыр ақын. Қазіргі қоғам басқа тілді үйренуге еш шек қоймайды, дегенмен, қазақ тілін мемлекеттік тіл дәрежесіне көтеруге әр қазақтың ғана емес әр Қазақстандықтың үлесі болса екен. Өзгенің құлы емес өз еліміздің ұл – қызы болайық, өзгенің емес өз еліміздің тілін ұлықтап, мәртебесін асырып, өз тілімізде бұл-бұл болайық.

Абай облысының қылмыстық

істер жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының

бас маманы-сот отырысы хатшысы И.Құсманқызы

Сот саласындағы мемлекеттік тіл — билерден бастау алған құқықтық дәстүрдің жалғасы

               Қазақ халқының тарихында ел бірлігін сақтап, дау-жанжалды...

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ: НЕГІЗГІ ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТАЛАПТАР

2026 жылғы 1 шілдеден бастап «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – қоғамның ортақ міндеті

Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттің тұрақты дамуына кері әсер ететін...

Медиация – тараптарды татуластырудың қуатты құралы

Дауласқан екі тараптың дәйегін сабырлықпен тыңдап, екі жақтың да...