Өлке тарихын тану өзіңнен басталады

Қызылорда облысы Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты №68 мемлекеттік мекемесінің жеке құрам қызметкерлері рухани, патриоттық сезімді қалыптастыру мақсатында «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейіне» барып қайтты.
12-тамыз Халықаралық Жастар күніне орай ұйымдастырылған бұл шараға түнгі ауысымнан шыққан қызметкерлер қатысты. Сонымен қатар өздері ғана емес, балаларыныңда көңілін аулау үшін, тарихымызды көрсету мақсатында қызметкерлер бүлдіршіндерінде ертіп келді. Жеке құрамды музей қызметкері Жолмырза Бақнұр қарсы алып, музейдің тыныс тіршілігімен яғни, музей тарихы, ондағы бөлімдер мен залдар, коллекциялар жайында қысқаша түсініктеме берді. Сонан соң, экскурсия барысында жас құрамға кейбір ежелгі артефактілердің түпнұсқалары жайында айтылып, музейдің ашылған уақыттан бастап сыр шертетін жәдігерлері мен сирек фотосуреттері көрсетілді. Облысымыздың тарихынан мағлұмат алып қана қоймай, өздеріне қызықты болған коллекциялардан музей қызметкеріне сұрақтарын қойып, қанағаттанарлық жауаптарын алды. Сондай-ақ, жеке құрам сұрақ қойып қана шектелмей, өздері ұнатқан коллекциялар алдында естелікке суретке түсті. Бүгінгі экскурциядан алған әсерім ерекше. Облыстық музейге алғаш келіп, өлкеміздің тарихымен танысып, қызықты ақпараттар алдым. Алдағы уақытта қызмет барысында ғана емес, жолдасыммен жеке уақыт бөліп келіп, аралауды жоспарлап отырмын деді,- кадр саясаты тобының инспекторы әділет лейтенанты Жаннұр Даулетиярова.

Президент Жолдауы – сот жүйесін жетілдірудің маңызды бағдары

Мемлекет басшысының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауы – ел...

Жасөспірімдер арасындағы лудомания және киберқылмыстық әрекеттерін алдын алу

Адамзат өркениетінің қазіргі кезеңінде ақпараттық технологиялардың жедел дамуы, сондай-ақ ...

ЕЛДIК МҰРАТ — БIРЛIК ПЕН МЕМЛЕКЕТТIЛIКТIҢ АЛТЫН АРҚАУЫ

Т әуелсіздік – ұлттың ұлы мұраты, мемлекеттіліктің алтын діңгегі....

Көкшетауда жыр додасы өтті: республикалық байқаудың жеңімпаздары анықталды

Көкшетау төрінде қазақтың көнеден жеткен жыршылық өнері қайта жаңғырып,...

Жазбаша іс жүргізу

Сот істі дайындау барысында және алдын ала тыңдауда талап...