12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІ ЖОҚ АУДАН

Алматы облысында Ұйғыр ауданының құрылғанына биыл 89 жыл. Кеген ауданынан 1934 жылы бөлініп шыққан бұл өңірге осы уақытқа дейін бір рет қана қазақ ұлтының өкілі басшы болған. Содан болар, кейде басымдық осы ұйғыр ұлтының жоғын түгендеуге басымдық берілетіндей әсер қалдырады. «Ұйғырдың батыр қызы Назгум» туралы аңыз-әңгіменің таралып, кең насихатталуы сөзіміздің дәлелі. Осы тұста Назгум деп аталатын арнайы өнер ұжымдары құрылып, тек жергілікті ғана емес, республикалық және халықаралық деңгейде тарихи-мәдени, археологиялық тұрғыдан зор маңызы бар алғашқы адамдар қонысы Назгум үңгірі деген атауға ие болды. Оны көру үшін ауданның түкпір-түкпірінен оқушылар автобус жалдап баратын жағдайға жетіп, аудан басшыларының қолдауымен арнайы ескерткіш те жасалды. «Шөлмек мың күнде емес, бір күнде сынады» дегендей «Назгум үңгіріне енді ескерткіш қоямыз» деп аудан әкімінің өзі білек түріп жүргенде Назгум туралы аңыздың ақиқаты ашылды.

ЕСКЕРТКІШТЕРДІ ТҮГЕНДЕГЕН ЕШКІМ ЖОҚ

Сақ дәуірінен бергі тарихи, мәдени, археологиялық нысандары жетіп артылатын Ұйғыр ауданында әлі күнге дейін өлкетану музейі жоқ. Кейбір белсенді тұрғындар аудан атына қанағаттанбай Мәскеуге дейін облыс, автономия сұрап, хат жазып жүргенде мұндағы басшылардың ешбірі мемлекет құраушы ұлт – қазақтың тарихына мән бермегені енді ғана белгілі болып отыр. Кеңестік дәуірді былай қойғанда мұнда тәуелсіздіктен кейінгі кезеңде де ешкім мәдени, тарихи және археологиялық маңызы бар ескерткіштерді түгендеп, тізімін жасауға көңіл бөлмеген. Соның нәтижесінде басқасын былай қойғанда аудан орталығынан аса қашық емес, әлі күнге дейін орны көзге көрініп тұрған ортағасырлық Сүмбе қаласы қоршалмақ тұрмақ, ол жерге арнайы тақта да қойылмаған.

Бұл «Жаны ашымастың басы ауырмас» дегеннің өзі боп тұр. Әйтпесе тәуелсіздік жылдары аудан тізгінін ұстаған әкімнің бәрі осы өлкенің тумалары. «Ақылды адам айтқызбай біледі», «Ел алғысын алсаң, елеулісі боларсың» дегенді бұл кісілерге қаратып айта алмайсың. Мәселен, Шухрат Нурахунов 2017 жылғы 7 қыркүйектен бастап аудан әкімі болып қызмет атқарып келеді. Оған дейін 2014-2017 жылдары Алимжан Тохтасунов, 2007-2014 жылдары Коюмчан Омаров, 1999 -2007 жылдары Владимир Тохтасунов, ал 1986-1990 жылдары аудандық атқару комитетінің төрағасы, 1991-1992 аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы, 1992-1999 жылдары аудан әкімі қызметін Муратбек Насыров атқарған болатын. «Біреудің жоғын біреу ән салып жүріп іздейді» дегендей аудандағы ұйғыр этносы шоғырланған елді-мекеннің бәрінде көше атауларының басым бөлігіне қазақтың тарихи атаулары қойылмаған. Мәселен, Шонжыдағы 62 көшенің 35-не ұйғыр азаматтарының есімі берілгенін және олардың арасында мектеп басқарған қарапайым азаматтар да барын «31 арнаның» журналистері бірнеше жыл бұрын жариялаған болатын. Ал ақты ақ, қараны қара деп анықтап беретін аудандық архивте тарихтың бұрынғы дәуірлерін былай қойғанда, тәуелсіздік кезеңіндегі өңірден шыққан көрнекті тұлғалардың бірде-бір жеке архиві жасалмаған. Өлке тарихына қатысты мұнда көңіл аударарлық бірде-бір құнды мәлімет таба алмайсыз. Тіпті бір кездері ауданның Шарын деп аталғаны да бүгінде ешкімнің есінде қалмаған.

Аудан атын өзгерту астананың атын өзгертуден қиын ба?

Орталық коммуникациялар қызметінің Қонаев қаласында өткен көшпелі брифингінде облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев БАҚ өкілдерінің Ұйғыр ауданының атауын өзгерту жайлы өтініші туралы: «Бұл негізінен ономастикалық комиссия арқылы жүргізілетін жұмыс. Мәселенің түйінін тарқату үшін жоғары билік өкілдерінің саяси шешімі қажет емес, ол тек ономастикалық комиссияның құзіретінде. Біз өз тарапымыздан этносаралық келісімді нығайту мақсатында Ұйғыр ауданындағы әлеуметтікэкономикалық жағдайды дұрыстауды ойлап отырмыз. Сонымен қатар мәдениет, білім жағына көбірек көңіл бөліп жатырмыз», – дегенді айтты. Өлкетану музейін ешкім өңі түгіл, түсінде көрмеген ауданда М.Елеусізұлы айтып отырған мәдениеттің таңы арайлап атып, күні көкжиекке жарқырап көтерілер күн қашан туарын әзірге ешкім дөп басып айта алмайды. Облыс басшысының айтуынша, биыл облыстағы екі ауданда, ал келесі жылдан бастап барлық ауданда әкім сайлауы өткізіледі. Яғни Ұйғыр ауданына кімнің әкім боларын енді жергілікті сайлаушылар шешеді. Ұлттық статистика бюросының мәліметіне қарайтын болсақ, аудан тұрғындарының жалпы саны жыл басында 65533 адамды құраған. Оның 38,97 пайызы қазақ; 59,08 пайызы ұйғыр; 1,5 пайызы орыс; 0,19 пайызы өзбек; 0,26 пайызы өзге этнос өкілдері. Кемінде 20 жылдан бері республика жұртшылығы арасында қызу талқыланып келе жатқан аудан атауын өзгертуге облыс әкімінің пайымдауынша, биліктің саяси шешімі қажет емес. Карантин кезінде Ұйғыр ауданының орталығы Шонжы ауылына шұғыл түрде келген облыстың сол кездегі әкімі Амандық Баталов: «Нұр-Сұлтанға барғанда, Елбасына, Президентке, Премьер-министрге, министрлерге кіремін. Мәселелерді шешіп жүрмін ғой. Мен өзім арнайы жазылып, Мемлекет басшысына кіріп, мына жағдайдың барлығын айтып беремін деп сіздерге уәде беріп отырмын», – деген еді. Келесі жылы 90 жылдығын атап өткелі отырған ауданның атауын өзгерту туралы жұртшылық өтініші тағы да аяқасты болып қалмайтынына ешкім кепілдік бере алмайды. Өкінішке қарай, ауданның тарихи атауын қайтару астананың атауын өзгертуден қиын боп тұр.

Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ, «Заң газеті»

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...