Өзгеге ізет – өзіңе құрмет

Елімізде сот билігі мемлекет атынан жүзеге асырылады. Соған сай, соттар өз қызметтерін атқаруда Конституция мен заңға ғана бағынады. Бұл ретте оларға үлкен міндеттер жүктелген. Солардың ең бастысы заң үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Сот төрелігінде ешкімге артықшылық берілмейді. Халықтың  құқықтық сауаты мен мәдениетін көтеруге сот қызметкерлері түгелдей атсалысуға міндетті.  

Қоғамда заң мен сотқа деген құрметті қалыптастыру барлық уақытта өзектілігін жоймайды. Осыған орай, азаматтардың да заңмен белгіленген міндеттері бар. Мысалы, олар сот процесінде тәртіп сақтауға тиіс, сонымен қатар, соттың шақыртуына келу, судья өкiмдерiне бағыну сынды заңмен бекітілген қағидаттарды бұзбауы керек. Өмірде түрлі жағдай болады, сондай кезде сот шақыртуына келе алмай қалса, оның дәлелді себебін алдын ала хабарлауы қажет.

Сот пен судьяға құрметтемеушiлiк танытқандарға жауапкершілік көзделген. Соттардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын, сондай-ақ, заңды күшіне енген сот актiлерiн орындау, мейлі ол лауазым иесі, мемлекеттік, т.б. органдар, заңды, жеке тұлғалар болсын, кімге болса да міндет. Әрбір адам өзіне заңмен жүктелген  жауапкершілік барын білулері тиіс.  

Сот саласындағы әрбір жаңашылдық халықтың құқығы мен заңды мүддесін қорғауға бағытталған. Қазіргі таңда жүйе жұмысы  қағазбастылықтан арылды деуге толықтай негіз бар. Мәселен, бүгінде  электронды сот төрелігі сот істерін тиімді ұйымдастырудың жаңа тетіктерін қалыптастырды.

Халықпен кері байланыс орнату, сот қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін арттыру, соттардың құрылымын жетілдіру жұмыстары, дау шешудің баламалы тәсілдері, т.б. заман талабына сай жандануда. Нақты айтсақ, электронды сот төрелігі соттар жұмысын халыққа одан әрі жақындатты. Жүйе жұмысы ашық әрі қолжетімді. Азаматтар сотқа интернет-ресурстар арқылы қашықтықтан жүгініп, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауда.

Жұртшылық талап арыздарын сотқа электронды түрде береді, бұған қоса  сот хаттамаларына электронды түрде ескертпе жасай алады. Яғни, олардың үйлерінде немесе жұмыстарында отырып электронды қызмет түрлерінен  кеңінен пайдалануына барлық жағдай жасалған. Сот отырыстарының бейнеконференц байланыс арқылы өткізілуін айрықша жетістікке санауға болады. 

  «Өзгеге жасаған ізетің – өзіңе жасаған құрметің» демекші, мемлекеттің дамуын қалайтын  әрбір адам өзінің құқықтық білім-білігі мен мәдениетін жетілдіруге міндетті. Осы себепті, әрбір іс-әрекетімізге бейжайлық танытпай, айналамызға, елімізге құрметпен қарап, заңсыздықтардың жолын кесуге атсалысу – біздің адамдық борышымыз саналады. Бұдан шығар түйін заң сотты құрметтеуді талап етсе, азаматтар соған сәйкес, заң талабына бағынуға міндетті. 

Рима Мандибаева,

Алмалы аудандық №2 сотының жетекші маманы

Алматы қаласы

Мемлекеттік тіл – қоғамның рухани тірегі және кәсіби мәдениеттің көрсеткіші

Мемлекеттік тіл – ұлттың болмысын айқындайтын, тарихи жады мен...

Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы: тіл тағдыры – ұлт тағдыры

Қазақ халқының рухани тарихында өшпес із қалдырған ұлы тұлғалардың...

Абай мұрасы – ұлттың рухани темірқазығы

Қазақ халқының рухани әлемінде ерекше орын алатын ұлы тұлғалардың...

Айдар Құрмашев: Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясы берік экономикалық негізге ие болды

Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттігіне 7 жыл толған кезеңде Қазақстанның халықаралық...

В области Жетісу системно ведется работа в сфере донорства и трансплантации органов

В области Жетісу продолжается работа по развитию донорства и...