12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӘЛЕУЕТІ МЫҚТЫ ЕЛ АРҚАУЫ – ӘРТАРАПТЫ ЭКОНОМИКА

Қазіргі замандағы нағыз қуатты мемлекеттің көрсеткіші – жекелеген адамдардың табысты болып, бақуатты өмір сүруі. Сондықтан азаматтардың өзін жан-жақты дамытуы үшін елімізде барлық жағдай жасалады. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайда осы жайлы айтып, нақты басымдықтарды айқындап берген болатын.

Олар ірі инфрақұрылымдық жобалар, цифрландыру мен жасанды интеллект, көлік транзиті мен энергетика, агроөнеркəсіп секторы жəне адам капиталы. Президенттің айтуынша, Қазақстанның жаңа əлемдегі орнықты дамуына жол ашатын негізгі факторлар осы. Қазір адамзат жаңа дəуірдің сипаты айқындалатын тарихи жолайрықта тұр. Алға қарай қарыштап дамуға Қазақстанның мүмкіндігі жетеді. «Біз еліміздің əлеуетін нығайта түсуіміз керек, яғни азаматтардың мұң-мұқтажына құлақ асатын жəне ең бастысы, мəселені тиімді шеше алатын əлеуеті мықты ел болуымыз қажет. Сондықтан білім мен инновацияға негізделген дамыған əрі жоғары технологиялық экономика құруға тиіспіз. Мұның бəрі азаматтар үшін жасалады. Себебі адам – біздің мемлекетіміз үшін ең басты құндылық. Біздің ұлтымыздың арман-мұраты Əділетті, Қауіпсіз, Таза, Қуатты Қазақстанды құру идеясынан бастау алады. Біз баршаға жəне əркімге зор мүмкіндік беретін мемлекет құрып жатырмыз. Бұл – əр азамат өз қабілетін шыңдап, адал еңбегімен отбасын асырай алатын ел болу деген сөз» деген болатын. Үкімет отырысының қорытындысы бойынша Премьер-Министр Олжас Бектенов пен оның орынбасарлары Роман Скляр, Серік Жұманғарин, Қанат Бозымбаев, Ермек Көшербаевтың қатысуымен баспасөз конференциясы өтті. Сонда айтылған əңгіме жəне журналистер сұрақтарына берілген жауапқа қарағанда Президент айтқан «əр адам өз қабілетін шыңдап, адал еңбегімен отбасын асырай алатын ел болу үшін қолға алынған жұмыс аз емес жəне олара белгілі деңгейде нəтиже беріп жатқандай. Мəселен, өткен жылы ЖІӨ көлемі 2 286 млрд болыпты. Енді биылғы экономиканың өсу деңгейін ескере отырып, келесі жылы бұл көрсеткішті 300 млрд теңгеге дейін жеткізу жоспарлануда. ЖІӨ келесі жылдары қарқынды экономикалық өсуді қамтамасыз ету шартымен 450 млрд теңгеге жетуі əбден мүмкін. Ол үшін елдің өнеркəсіптік əлеуетін дамыту, экономиканы əртараптандыру, жоғары өндірісті дамыту жоспарлы түрде жүзеге асырылуда. Үлкен бағдарлама «Бəйтерек» холдингі желісі бойынша іске қосылды, ол экономикаға қосымша 8 трлн теңге инвестиция тартуға мүмкіндік береді. Алдағы уақытта – 1,5 трлн теңгеге 190 өнеркəсіптік жобаны іске қосу межеленіп отыр. Үкімет экономиканың өсуін ынталандыру бойынша бірқатар бағыттарды белгіледі. Олар мұнай өңдеу, металлургияны жаңғырту, ТКШ инфрақұрылымын жаңарту, электр энергетикасы, ауыл шаруашылығы жəне минералдық-шикізат базасын, оның ішінде сирек кездесетін металдарды ұлғайту жұмыстарын қамтиды. Сондай-ақ, еліміз жаңа салаларды дамытуға əлеуетті. Олардың ішінде мұнай-газ химиясы, автомобиль жасау, теміржол машина жасау, тыңайтқыштар өндіру жəне тағы басқа салалар бар. Сонымен қатар жыл са йын өңдеу өнеркəсібі мен АӨК-де жаңа жобалар іске асырылады. Өз кезегінде Роман Скляр азаматтық авиацияны дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді. Оның айтуынша, Мемлекет басшысының ішкі жəне халықаралық авиарейстер санын арттыру, сондай-ақ көлік секторына инвестициялар тарту жөніндегі жұмысты жандандыру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде Үкімет авиация саласын жаңғырту жөніндегі шаралар кешенін дəйекті түрде іске асыруда. Бұл орайда инфрақұрылымды дамыту, бəсекеге қабілеттілікті арттыру жəне жолаушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту басты назарда тұр екен. Серік Жұманғарин журналистерге қаржылық тұрақтылықты сақтай отырып, экономиканың нақты секторындағы банктердің кредит беруін ынталандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар жайлы мағлұмат берді. Спикер жаңа Салық кодексі шеңберінде табыс салығы ставкаларын саралау көзделгенін атап өтті. Корпоративті табыс салығы банктердің тұтыну секторына несие беру кезінде 25% болса, нақты секторда оның көлемі 20%-дан аспайды. Бұл экономикаға инвестиция салуды ынталандырады. Сонымен қатар, қазіргі уақытта шағын жəне орта бизнесті қолдау үшін жаңа «Өрлеу» бағдарламасы іске қосылды. Оны іске асыру үшін «Даму» қоры 300 млрд теңге, ЕДБ – 450 млрд теңге бөледі. Жеңілдетілген қарыздар бойынша мөлшерлеме деңгейі 12,6%. Жалпы, бүгінгі таңда қор 107,5 млрд теңге сомасына 784 жобаны, оның ішінде 60 млрд теңгеге кепілдік беру құралдарын қолдады. Осы бағыттағы жұмыс жалғасатын болады. Қанат Бозымбаев өңірлерді инфрақұрылыммен қамтамасыз етуге қатысты сұраққа жауап берді. Вице-премьер бұл мəселе Үкіметтің назарында екенін атап өтті. Бірінші кезекте инфрақұрылымға қол жеткізудегі өңіраралық айырмашылықтарды жою, экономикалық өсуді жеделдету жəне аумақтық əлеуетті тиімді іске асыру мақсатында Үкімет жақында Қазақстан Республикасын Өңірлік дамытудың 2025–2030 жылдарға арналған жаңа тұжырымдамасын бекітті. Негізгі қағидат – адамның игілігіне, тұтастығына, инклюзивтілігіне, сараланған тəсіліне, дербестігіне, жауапкершілігіне бағдарлану. Құжатта өңірлердің жай-күйі мен даму перспективаларын кешенді бағалау көзделеді. Тұжырымдаманың негізгі бағыттарының бірі-халықты базалық инфрақұрылыммен біркелкі қамтамасыз ету. Осы бағыт шеңберінде əлеуметтік-инженерлік объектілерге қол жеткізудегі диспропорцияларды жоюға ерекше назар аударылады. Артта қалған өңірлерге өңірлік стандарттар жүйесі арқылы келесі жылдан бастап қаржыландыруға басымдық берілетін болады. Бұл шалғай аудандардағы өмір сапасын айтарлықтай жақсартады.

А.ТҰРМАҒАНБЕТОВА, «Заң газеті»

Халық жазушысы, ақын Исраил Сапарбай қайтыс болды

Қазақ әдебиетінен ойып тұрып орын алған, көрнекті лирик ақын Исраил Сапарбайдың артында сұлу сазды әндері, қазақ поэзиясының қоржынына мұра болған өлеңдері және өз оқырманын тапқан пьесалары қалды. 

Бишімбаевтың інісі рақымшылық жасау туралы өтініш берді

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың  туысы Бақытжан Байжанов амнистия беру туралы өтініш білдірді.

Мемлекет меншігіне 29,8 миллиард теңге тұратын пайдаланылмай жатқан жерлер қайтарылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекет меншігіне 29,8 миллиард теңге тұратын пайдаланылмай жатқан жерлерді қайтарды.

Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жаңа басшы тағайындалды

Алматы Қалалық жоспарлау және урбанистика басқармасына жаңа басшы тағайындалды.

Вейп, сталкинг және қыз алып қашу: Мемлекет басшысы жаңа заңға қол қойды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев заңдарға түзету енгізу туралы заңға қол қойды.