Әкімшілік акті. Әкімшілік актіге қойылатын жалпы талаптар

Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі әкімшілік рәсімдерді жүзеге асыруға байланысты қатынастарды реттейді. Аталған қатынастардың қатысушылары әкімшілік органдар, лауазымды адамдар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар болып табылады. Әкімшілік рәсім – бұл әкімшілік органның әкімшілік істі қарау, ол бойынша шешімді қабылдау және орындау жөніндегі қызметі. Әкімшілік рәсімді козғауға жеке және заңды тұлғалардың жолданымы немесе әкімшілік органның бастамасы негіз болып табылады. Әкімшілік істі лауазымды адам жеке-дара, заңнамасында көзделген жағдайларда алқалы құрам қарайды.

Рәсімге қатысушыға алдын ала шешімге өз ұстанымын білдіру үшін тыңдау жүргізіледі. Әкімшілік істі қарау нәтижесінде әкімшілік акті қабылданады немесе рәсімді тоқтату туралы шешім шығарылады. Бұл ретте, әкімшілік акт заңды, негізделген және түсіну үшін анық болуға тиіс. Жазбаша (қағаз), электрондық немесе ауызша нысанда қабылданған әкімшілік акт әкімшілік рәсімге қатысушының назарына жеткізіледі. Әкімшілік актіні қабылдауда әкімшілік рәсімдер бұзылса, мұндай бұзу дұрыс емес әкімшілік акт қабылдауға алып келсе не алып келуі мүмкін болса, әкімшілік акті заңсыз деп танылуы мүмкін. Мәні бойынша дұрыс әкімшілік акт бір ғана формальды негіздер бойынша заңсыз деп таныла алмайды. Егер әкімшілік орган белгіленген мерзімде әкімшілік актіні қабылдамаса, онда бас тартылды деп есептеледі.

Жеке және заңды тұлға әкімшілік актімен келіспеген жағдайда, үш айдан кешіктірмей оған жоғары тұрған әкімшілік органға шағым беруге құқылы. Бұл әкімшілік органға өз қателіктерін, кемшіліктерін жоюға, біртектес әкімшілік актілерді қабылдауға және бұзылған құқықтарды жылдам қалпына келтіруге мүмкіндік береді.

Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ф.Абдукадырова

Әкімшілік сот ісін жазбаша жүргізу

2021 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі...

Батыр рухы білім ордасында: Мәлік Ғабдуллин атындағы дәріс залы ашылды

Көкшетауда Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясында Кеңес Одағының...

Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі

Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталық (ҰТО) «Елді мекендердің...

Большинство казахстанцев заметили улучшения условий жизни за последние три года – исследование НАЦ

Национальный аналитический центр (НАЦ) при Назарбаев Университете представил итоги...