2021 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі қабылданып, осы кезеңнен бастап жария – құқықтық қатынастардан туындаған дауларды қарайтын әкімшілік соттар өз жұмысын бастап кетті.
Кодексте іс жүргізуді жазбаша талқылауда жүргізу қарастырылған. Әкімшілік істі жазбаша талқылауды сот тараптардың келісімімен жүргізеді. Егер тараптың бұрын білдірілген келісімді қайтарып алу туралы өтінішхаты келіп түссе, сот ауызша талқылауға көшеді.
Сонымен бірге, егер бұл істі дұрыс шешу үшін қажет болса, сот өз қалауы бойынша ауызша талқылауға көшуге құқылы. Жазбаша талқылау тәртібімен әкімшілік іс ауызша талқылауды жүргізбестен қаралады. Әкімшілік іс осындай тәртіппен қаралған кезде сот тараптар ұсынған және өз бастамасы бойынша талап етілген дәлелдемелерді зерттейді және олар бойынша шешім қабылданады.
Жазбаша талқылау кезінде сот қосымша сол мерзім ішінде өтінішхаттар мен құжаттарды ұсынуға болатын мерзімді тағайындайды.
Түркістан облысының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Ф.Абдукадырова


