Қазақстандықтардың басым бөлігі соңғы үш жылда өмір сүру жағдайының жақсарғанын байқаған – ҰТО зерттеуі

Назарбаев Университеті жанындағы Ұлттық талдау орталық (ҰТО) «Елді мекендердің дамуы мен халыққа арналған инфрақұрылымдағы өзгерістерді бағалау» тақырыбында жүргізілген зерттеудің қорытындыларын ұсынды.

Зерттеу нәтижелері болып жатқан инфрақұрылымдық өзгерістердің негізінен оң қабылданатынын көрсетті. Сауалнамаға қатысқандардың 68%-ы соңғы үш жылда жағдайдың жақсарғанын атап өтті. Респонденттердің 82%-ы қазіргі өмір сүру жағдайына көңілі толатынын білдірсе, 68%-ы алдағы үш жылда жағдайдың одан әрі жақсаратынына сенеді.

ҰТО мемлекеттік саясат орталығының бас зерттеушісі Роза Тілеуханның айтуынша, зерттеу нәтижелері халықтың елімізде жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық өзгерістерді оң қабылдайтынын және олардың күнделікті өмірдегі нақты әсерін көріп отырғанын көрсетеді. «Сонымен қатар сауалнама халықтың одан әрі дамуға деген тұрақты сұранысы бар екенін анық көрсетті. Адамдар өзгерістерді байқап, олардың оң нәтижесін бағалайды және бұл бағыттың алдағы уақытта да жалғасатынын күтеді», — деп түсіндірді сарапшы.

Тұрғындар күнделікті өмір сүретін ортадағы өзгерістерді, ең алдымен, жолдар, абаттандыру, саябақтар мен көгалдандыру салаларынан байқаған. Бұл бағыттар елді мекендерді одан әрі дамыту үшін де жоғары басымдыққа ие болып отыр. Сонымен қатар халықтың одан әрі дамытуға қатысты сұранысында медициналық инфрақұрылымды, интернет пен мобильді байланысты, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын дамыту маңызды орын алады.

Сауалнама 2026 жылдың шілде–тамыз айларында телефондық сұхбат әдісімен жүргізілді. Іріктеме елдің барлық өңірлеріндегі 1 000 кәмелетке толған тұрғындарды қамтыды.

Зерттеудің толық нәтижелері Ұлттық талдамалық орталықтың сайтында жарияланды:https://www.nacanalytica.kz/kz/publications/azastandytar-eldi-mekenderini-damuyn-alaj-baalajdy-zhalpyltty-saualnama-ntizheleri

ҚазҰУ-дағы студенттік өмір және жастар бастамалары

     Ғылыми конференцияда алғашқы зерттеуін таныстыру, қайырымдылық шарасын ұйымдастыру немесе...

    ҚазҰУ түлектері – ел дамуына елеулі үлес қосуда

      Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарихы оның түлектерінің еңбек...

Әділетті қоғам және заң үстемдігі

     Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Заң факультетінде студенттер Біріккен...

В учреждении УИС области Абай отметили праздник Хэллоуин

В женском учреждении УИС области Абай было организовано тематическое...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде Хэллоуин мерекесі аталып өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ әйелдер мекемесінде сотталған әйелдердің қатысуымен...