Әдеп нормаларын сақтау міндет

Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби біліктілігі мен қызметтік әдебі, мінез-құлқы, этикалық ұстанымдары қоғамның мемлекеттік билікке деген сенімін нығайтудың басты факторы саналады. Сондықтан, олардың жұмыстан тыс уақытта да өздерін ұстау нормалары мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексімен арнайы бекітілген. Өйткені, әдептілік – мемлекеттік қызметшінің    басты қасиеті болуы тиіс.

 Ғұлама ғалым әл-Фарабидің «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген тәмсілі тәрбие мен әдептің білімнен де биік екенінің дәлелі. Аталған кодекспен айқындалғандай,  мемлекеттік қызметшілердің негізгі кәсіби міндеттеріне — адалдық, бейтараптық, әділдік, т.б. заң талаптарын мүлтіксіз сақтау міндеттері кіреді.

Мәселен, әдеп нормаларын сақтаған қызметкер өзінің қызметтік өкілеттігін жеке мүддеге пайдаланбайды, бұл өз кезегінде сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін арттырады. Әдеп кодексінің талаптарын орындауды қамтамасыз етуде қызметкерлерге арнайы түсіндіру және оқыту шараларын жүргізудің маңызы зор. 

Кодекс қағидаттарының бастысы — адал ниеттілік, бұл қоғам игілігі үшін мемлекетке кәсіби тұрғыда жауапкершілікпен  қызмет етуді міндеттейді. Ал әділдік арқылы жеке және заңды тұлғалардың, қоғамдық топтар мен ұйымдардың ықпалына қарамай, заңды шешім қабылдау. Ешкімді де  кемсітуге жол бермеу.

Бұдан да өзге қызметтік әдеп стандарттары мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талаптарды қамтиды. Қарапайымдылық мемлекеттік қызметшінің мінез-құлық нормаларында айрықша орын алады. Себебі, өз міндеттерін орындауда азаматтарды лауазымына қарай бөлмеуге, яғни, оларға бірдей  құрметпен қарауға міндеттейді. Мемлекеттік қызметші жалған немесе бұрмаланған ақпаратқа жол бермеуі тиіс. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметшінің тыйым салулар мен шектеулерді ерікті түрде қабылдауын көздейді. 

Кодекс стандарттары мемлекеттік органдардың қадір-қасиеті мен беделіне нұқсан келтіруі мүмкін іс-әрекеттерге тыйым салады. Кодекс талаптарына немқұрайды қарау мемлекеттік қызметтің беделін түсіретін тәртіптік теріс қылық ретінде бағаланады. Мысалы, мемлекеттік қызметші қызметтік міндеттерін орындауға байланысты жағдайларды қоспағанда, ойын мекемесіне барудан бас тартуға міндетті. Осы кодекспен мемлекеттік қызметшінің мемлекеттік саясат және қызметтік мәселелері бойынша жұртшылық алдында сөз сөйлеу қағидалары айқындалған.

Кәсісби мемлекеттік аппарат мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастырады. Бұл үшін мемлекеттік қызметші жоғарыда айтып өткендей,  заңдылықты, әділдік пен бейтараптық қағидаттарын мүлтіксіз сақтап, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне құрметпен қарауға, мемлекеттік қызмет беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерге жол бермеуге, сондай-ақ, халықпен қарым-қатынас кезінде сыпайы, әдепті болуға міндетті. Бұған қоса олар қоғамдық айыптауға әкеп соғуы мүмкін әрекеттерден тартынғандары жөн. 

Әдеп кодексіне бой ұсынбағандарға тәртіптік жауапкершілік қолданылады. Айтып өтерлігі, әдеп жөніндегі уәкіл институты жазалауды емес, заң  бұзушылықтың алдын алуды көздейді. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруда маңызды құрал саналады. 

Асқар Қалмақбаев, 

Алматы облысы бойынша Сот әкімшілігі

департаменті басшысының орынбасары

Раздел без согласия

В КАЗАХСТАНЕ НАРАСТАЕТ ЧИСЛО ОБРАЩЕНИЙ, СВЯЗАННЫХ С НАРУШЕНИЯМИ В...

Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім...

Кәмелетке толмаған жасөспірімдердің әкімшілік құқық бұзушылық жауаптылығы

Жалпы, кәмелетке толмағандар деп 18 жасқа толмаған тұлғаларды айтады....

Законного представителя оштрафовали за нахождение подростка в ночное время вне дома

Специализированным межрайонным судом по делам несовершеннолетних Жамбылской области за...

Заңды өкіліне жасөспірімнің түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны айыппұл салынды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен...