Заңды өкіліне жасөспірімнің түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны айыппұл салынды

Жамбыл облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің (әрі қарай – ӘҚБтК) 442-бабының 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін(Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы) бойынша азаматша О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. 

Іс материалдарына сәйкес, Тараз қаласының тұрғыны азаматша О.-ның жасы кәмелетке толмаған ұлы С. заңды өкілінсіз түнгі уақытта 00 сағ.25 мин. тұрғынжайдан тыс жерде жүрген жерінен полиция қызметкерлерімен ұсталған. Өз кезегінде С.-ның жасы 16-ға толмағандықтан, оның заңды өкілі азаматша О.-ға қатысты ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, кәмелетке толмаған ұлының заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде болғаны, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттері сотта іске тіркелген құжаттармен толық расталған.

ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігіне сәйкес, жасалынған құқық бұзушылық үшін жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.

Сот қаулысымен азаматша С. ӘҚБтК-нің 442-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды, алайда жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, айыппұл сомасы 30%-ға төмендетіліп, ол 21 193 (жиырма бір мың жүз тоқсан үш) теңгені құрады.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Өз тілшіміз

Молодой ученый ЕНУ получил жилищный сертификат в рамках государственной поддержки

Старший преподаватель кафедры биотехнологии и микробиологии Института естественных наук...

ЕҰУ-дың жас ғалымы мемлекеттік қолдау аясында пәтер сертификатына ие болды  

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Жаратылыстану ғылымдары институтының...

Литературный мост между Казахстаном и Китаем

На полях 30-й Южнокитайской книжной выставки, прошедшей в Гуанчжоу,...

Дух Великой степи

В Национальном музее искусств Республики Казахстан им. Абылхана Кастеева...

Без изоляции от общества 

Учреждения уголовно-исполнительной системы Восточно-Казахстанской области – структура не закрытая...