Жапон студенттері Іле-Алатауда қазақ мәдениетімен танысты

Наурыздың шуақты күндерінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде білім алып жүрген жапондық студенттер Іле-Алатау ұлттық паркіне танымдық сапар жасады. Іс-шара Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттары аясында ұйымдастырылып, экологиялық тепе-теңдікті сақтау, табиғи ресурстарды үнемдеу және қоршаған ортаны қорғау идеяларын насихаттауға бағытталды. Дінтану және мәдениеттану кафедрасының профессоры Қарлығаш Борбасова мен «Дінтану және теология» мамандығының 2-курс докторанты Эльмира Сұлтанбаева жапондық және қазақстандық студенттерге жетекшілік жасап, оларды табиғат аясына ұйымдастырылған танымдық сапарға алып барды.

Тур аясында қатысушылар «Ой-Қарағай» таулы курортындағы этномузейді аралады. Мұражайда көшпелілер мәдениетінің тарихи маңызы зор құнды ұлттық бұйымдары, сондай-ақ ағаштан жасалған бірегей мүсіндер таныстырылды.

Сапар барысында студенттер табиғаттың әсем көріністерімен танысып қана қоймай, экологиялық мәдениетті арттырудың маңыздылығы туралы пікір алмасты.

Халықаралық қатынастар факультетінің  студенті Шунчши өз ойымен бөлісті: «Біздің Жапонияда табиғатқа ерекше қамқорлық көрсету дәстүрі қалыптасқан. Әр көктем сайын тұрғындар гүлдің жұпар иісін сезініп, оның әсемдігін тамашалау үшін саябақтар мен орталық алаңдарға жиналады. Бұл  сакура ағаштарының бүршік жарып, гүлдейтін ерекше кезеңі. Күншығыс елінде ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан бұл дәстүр “Ханами” деп аталады. Сакура ұзақ уақыт гүлдемейтіндіктен, оның әр сәті ерекше бағаланады. Университет ұстаздары мен курстас достарыммен бірге табиғат аясында бас қосып, демалғанымыз үлкен қуаныш сыйлады. Барлығымыздың бірге уақыт өткізгеніміз Жапониядағы ханами дәстүрін еске түсіріп, ерекше әсер қалдырды», – деді.

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих

Министерство обороны проведет конкурс по организации питания военнослужащих  Министерство обороны...

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді

Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерді тамақтандыруды ұйымдастыру жөнінде конкурс өткізеді Қорғаныс...

Денежное взыскание

Одним из новшеств АППК является мера процессуального принуждения в...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ 10 000 СТУДЕНТ ҚАТЫСҚАН «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АПТАЛЫҒЫ АЯҚТАЛДЫ

Абай университетінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен бекітілген «Таза...