12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ӘДІЛЕТТІ ҚОҒАМ ҰСТАНЫМЫ – АШЫҚТЫҚ

Бүгінгі таңда мемлекеттік сатып алу саласының қай жұмысы болса да, ашықтық дейтін айқын ұранды мықтап ұстанған. Жоқты бар етіп, қиынды қиыстырып, тар жерден жол табамын дейтін пысықайлар мен бұқпантайлап қалуды жөн санайтындарға мүлде жол жоқ. Әр бастама қалың бұқараның қырағы назарында, әркез ұйымдастырылатын конкурстар ашық ақпарат көздері арқылы өткізіледі. Бұл – Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының жұмыс сипаты.

Қажырлы еңбек пен тиянақты тексерістің арқасында мемлекеттік сатып алу конкурстары оңтайланды деуге толық негіз бар. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету және жергілікті атқарушы органдарға түсетін жүктемені азайту мүмкін болып отыр. Атаулы бағыт бойынша облыстық басқармалар мен барлық аудан, қала әкімдіктері және оларға тиесілі мекемелер арасында мемлекеттік сатып алу бір ізге түсті. Биылғы жылдың басты ерекшелігі ретінде аудандар мен қала әкімдіктеріне қарасты мемлекеттік сатып алу ісін жүргізетін бөлімдердің таратылып, қызметкерлерінің Қызылорда облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасының балансына берілгенін атап өтсек болады. Атаулы жұмыстардың барлығы – сөз етіп отырған ашықтық, бірізділік, әділеттілік қағидаттарының негізінде жасалған бастамалар. Бұл дегеніңіз – жыл басынан бері аудан, қала әкімдіктері мен облыс әкімдігіне қарасты басқармалар және оларға қарасты мекемелердің барлық конкурстары тек облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы арқылы іске асырылды деген сөз. Нәтижесінде орталықтандырылған мемлекеттік сатып алу арқылы барлық өткізілетін мемлекеттік сатып алу конкурстарының саны 2022 жылмен салыстырғанда 10 есеге ұлғайғанын байқай аламыз. Жыл көлемінде мемлекеттік сатып алу веб-порталында жергілікті атқарушы органдарға бағынысты 1 041 тапсырыс беруші тіркелген. 2023 жылдың 5 айында облыстық мемлекеттік сатып алу басқармасы барлығы 2 763 конкурс жариялады. Тарқатып айтар болсақ, веб порталға орналастырылған 2 763 сатып алудың 1083-і жұмыстарға, 1072-і қызметтерге, 608-і тауарларға тиесілі. Бұл жайлы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен өткен брифингте Қызылорда облыстық Мемлекеттік сатып алу басқармасының басшысы Б.Шаменов хабарлады. Ол өз сөзінде: «Бүгінгі күні жарияланған барлық конкурстың 2 268-і немесе 82 пайызы аяқталды. Қалған 495 конкурстың қорытындысы мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің мерзіміне сәйкес, конкурс жеңімпаздары 2023 жылдың маусым-шілде айларында анықталатын болады. Cаладағы бұзушылықтарды болдырмау және оның алдын алу мақсатында басқарма қызметкерлерімен облыстық басқармалар мен қала, аудан әкімдіктерінің мамандары үшін 22 семинар-кеңес, 10 дәріс, 3 дөңгелек үстел және барлық аудандарда 7 көшпелі семинар-кеңес ұйымдастырылды. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін және қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіру бойынша басқарма қызметкерлерімен онлайн форматта әлеуметтік желі қолданушыларын ақпараттандыру шаралары жүйелі түрде жүргізіліп келеді», – деді. Сондай-ақ, күтілген нәтижелерге қол жеткізу үшін басқарма мамандарына мемлекеттік сатып алу саласындағы біркелкі тәжірибені қалыптастыру мақсатында құқықтық оқытулар өткізу жұмыстары да жүйелі ұйымдастырылып тұратынын тілге тиек етті. Бұл бағыттағы жұмыстар одан әрі жалғаса бермек. Бұған қоса, әр қызметкер заң нормаларын қолдану тәжірибесінен жинақтаған ақпараттарға талдау жасай отыра, өз ұсыныстарын басқарма деңгейінде ұсынады. Ұсыныс-пікірлер басқарма тарапынан мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңтайландыру мақсатында саладағы уәкілетті орган – Қаржы министрілігіне жолданып келеді. Бұл арқылы жұмыс жүйелілігін арттыруға жаңа мүмкіндіктер пайда болады дейді мамандар. Ағымдағы жылдың бес айында басқарма тарапынан 13 ұсыныс жолданған. Баспасөз алаңында брифинг спикері 2022 жылғы 1 шілдеден бастап, құрылыс-монтаждау және жобалау жұмыстары бойынша сатып алулар рейтингтік-балдық жүйе пайдаланылатын жаңа конкурсты қолдана отырып жүзеге асырылып жатқанын айтты. Б.Шаменов «Рейтингтік балдық жүйе бойынша ұйымдастырылатын конкурстарда конкурстық комиссия құрылмайды және сатып алу жеңімпазы ақпараттық жүйелердің (қаржылық орнықтылық, электрондық депозитарий) деректері негізінде автоматты түрде айқындалады. Осы тәсілмен 2022 жылы 10 конкурс ұйымдастырылса, 2023 жылдың есепті кезеңінде 305 конкурс өткізілді. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 30 есеге артқан. Мемлекет басшысы 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жолдауында «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң қабылдауды және мемлекеттік және квазимемлекеттік сатып алуды бірыңғай платформаға көшіруді тапсырған болатын. Тапсырмаға сәйкес, Қаржы министрлігімен «Мемлекеттік сатып алу туралы» жаңа заң жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобы құрылып, тиісті талқылаулар жүргізілуде. Заң жобасы ағымдағы жылдың қыркүйегінде Парламентке ұсынылады», – деді. Жаңа заң жобасы мақұлданып, күшіне енетін болса, мемлекеттік сатып алу ісін айтарлықтай жеңілдетуге, шамадан тыс реттеуді болдырмауға, ең төменгі бағадан сапаның басымдығын белгілеуге мүмкіндік жасалады.

Шернияз ЖАЛҒАСБЕКҰЛЫ

Әдеп кодексінің талаптарын сақтау міндет

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік қызметшілерге қатаң талап пен жауапкершілік жүктейді. Мемлекеттік қызметкерлердің әдеп кодексінің талаптарын, сондай-ақ, заңмен белгіленген...

Самый ценный ресурс – здоровье граждан

Парк службы скорой медицинской помощи г. Шымкента пополнился 30...

Личное поручительство в уголовном процессе

В целях обеспечения необходимых условий для успешного расследования и...

Искусственный интеллект и право

ИСКУССТВЕННЫЙ ИНТЕЛЛЕКТ АКТИВНО ВНЕДРЯЕТСЯ В РАЗЛИЧНЫЕ СФЕРЫ ЧЕЛОВЕЧЕСКОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ,...

Еріктілер кеңесі мүшелері ауладағы қар тазалау акциясына қатысты

«Еріктілер кеңесі» — Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің ұйымдастыруымен құрылған...