12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҰОС ардагерлерінің құрметіне Алматыда қандай көшелер аталған?

Алматыда 110 көше Ұлы Отан соғысына қатысушылардың есімімен аталады. Оның ішінде 94 көше Кеңес Одағының Батырларының есімімен аталған. Медеу ауданында мұндай 34 көше, Алмалы, Бостандық және Наурызбай аудандарында төрт көше, Жетісу және Алатау аудандарында 17 көше, Әуезов ауданында жеті көше, Түрксіб ауданында 23 көше бар. Massaget.kz тілшісі шолу жасап шықты.

Панфилов көшесі

Алматыдағы ең танымал жаяу жүргіншілер көшесі. Алмалы ауданында орналасқан. Оның ұзындығы — 1,3 шақырым. Райымбек даңғылынан басталып, Абай атындағы опера және балет театрына дейін созылып жатыр.

Иван Васильевич Панфилов 1893 жылы Саратов облысы Петровск қаласында дүниеге келген. Ол — әскери қайраткер, генерал-майор (1940), Кеңес Одағының Батыры (1942). Бірінші дүниежүзілік соғысқа, 1918-1920 жылы Азамат соғысына қатысып, кейін 25-атқыштар дивизиясында взвод, рота командирі болды.

1941 жылы соғыс басталғаннан кейін Алматы қаласында жергілікті тұрғындардан 316-атқыштар дивизиясы жасақталып, Мәскеуді қорғауға жіберілді. 1941 жылғы қазан-қараша аралығында Мәскеу түбіндегі қорғаныс кезінде Панфилов басқарған 316-атқыштар дивизиясының жауынгерлері Волоколамск бағытын қорғауда асқан ерлік көрсеткен. 17 қарашада 316-атқыштар дивизиясы сегізінші гвардиялық атқыштар дивизиясы болып аталып, Қызыл Ту орденімен марапатталды. Панфилов қаза тапқаннан кейін дивизия оның есімімен аталды. Ленин, 2 рет Қызыл Ту ордендерімен және медальдармен марапатталған. 

Қазір генерал-майор Панфиловтың ұрпақтары Алматыда тұрады.

Момышұлы көшесі

Алматының ең ұзын көшелерінің бірі. Ол қаланың батыс бөлігінде орналасқан. Шаляпин көшесінен басталып, Ақан сері көшесімен аяқталады. Оның ұзындығы — 11 шақырым.

Бауыржан Момышұлы 1910 жылы дүниеге келген, ол — қазақтың әйгілі әскери қолбасшысы, Ұлы Отан соғысында даңқы шыққан стратег және тактик, жазушы, Кеңес Одағының Батыры.

Ұлы Отан соғысына генерал-майор И.В.Панфилов басқарған әйгілі дивизия құрамында 1941 жылғы қыркүйектен бастап қатысты. Батальон командирі ретінде аға лейтенант Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін шайқаста 27 рет ұрысқа қатысты. Момышұлы басқарған батальон дивизиядан қашықта, Волоколамск тасжолында асқан ерлікпен ұрыс жүргізді. 

Соғыс кезінде жеке басының қаһармандық ерлігімен және ұрыс жүргізудегі әскери шеберлігімен ерекше көзге түседі. Бірнеше рет жау қоршауынан жауынгерлерін аман-есен алып шығады. Мәскеу түбіндегі шайқастағы ерлігі сол кездің өзінде аңыз болып жайылады. Осының негізінде орыстың белгілі жазушысы А.Бек «Волоколамское шоссе» повесін жазды. Бұл шығарма кейін бірнеше тілге аударылды.

Луганский көшесі

Сергей Луганский атындағы көше Алматы қаласының Медеу ауданында, Республика сарайының артында орналасқан. Қошқынов көшесінен басталып, әл-Фараби даңғылына дейін созылып жатыр.

Сергей Данилович Луганский 1918 жылы дүниеге келген, ол — ұшқыш, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры (1943; 1944). 1938 жылы Орынбордағы ұшқыштар мектебін, 1949 жылы Мәскеудегі әскери-әуе академиясын бітірген. 1939–40 жылдары кеңес-фин соғысына қатысты. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Луганский 390 рет ұшып, жаудың 37 ұшағын атып түсірген. Соғыстан кейінгі жылдары КСРО Қарулы Күштерінің әскери әуе күштері саласында әртүрлі жоғары басшылық қызметтер атқарды. Соғыс жылдарында көрсеткен ерлігі үшін көптеген медальмен марапатталған.

Мәметова көшесі

Мәншүк Мәметованың есімімен аталған көше қаланың солтүстік бөлігінде орналасқан. Ол Нүсіпбеков көшесінен басталып, Сейфуллин көшесімен аяқталады.

Мәншүк Жиенғалиқызы Мәметова 1922 жылы дүниеге келген, ол — 100-атқыштар бригадасының пулеметшісі, Кеңес Одағының Батыры атағын иеленген тұңғыш қазақ қызы (1944).

Ұлы Отан соғысы басталған кезде Мәншүк Мәметова Алматы медицина институтында оқып жүрген. 1942 жылғы тамызда өз еркімен армия қатарына жазылып, алғашында 100-атқыштар бригадасының кеңсе хатшысы, кейінде медбикесі болған. Майданда пулемет курсын бітіріп, ұрыстарға қатысқан.

Аға сержант болып әскери қызмет еткен. Ерекше мергендігімен көзге түседі. Невель қаласы үшін болған шешуші ұрыста Мәншүк ақтық демі қалғанша пулеметтен оқ боратып, ерлікпен қаза тапты. 

Меңдіқұлов көшесі

Малбағар Меңдіқұлов атындағы көше Алматының жоғары бөлігінде, Медеу ауданында орналасқан.

Малбағар Меңдіқұлов 1909 жылы Орынбор облысында дүниеге келген. Ол — КСРО құрылыс және сәулет академиясының мүшесі. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан. 1953-1955 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Архитектура, құрылыс және құрылыс материалдары институтының директоры, 1955-1956 жылдары Қазақ КСР Министрлер кеңесінің жанындағы архитектура істері басқармасының бастығы қызметтерін атқарды. Қазақ архитектурасын зерттеу саласында 70-тен аса ғылыми еңбек, төрт монография, «Қазақ архитектурасының тарихы» атты екі томдық кітап жазған. 1986 жылы Алматыда қайтыс болды.

Шәріпов көшесі

Әди Шәріпов көшесі Алматының орталығында, Алмалы ауданында орналасқан. Мақатаев көшесінен басталып, Абай даңғылына дейін жетеді.

Әди Шәріпов 1912 жылы Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Мариновка ауылында дүниеге келген. 1932–1935 жылдары Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтында оқып, 1935–1936 жылдары Түрікмен КСР-індегі Красноводск педагогикалық техникумында оқу меңгерушісі болған. 1936–1938 жылдары ҚазПИ-дің тіл-әдебиет факультетіндегі оқуын жалғастырған. Институтты бітірген соң Алматы облысының Қаскелең орта мектебінде мұғалімдік қызмет атқарған. Ұлы Отан соғысының алғашқы күндерінен бастап Кеңес Армиясының қатарында болған. Беларусь жеріндегі, Смоленск, Орлов облыстарындағы партизан отрядтарының құрамында болды. 1943 жылы желтоқсанынан 1944 жылғы мамырға дейін партизан қозғалысының Смоленск штабында жұмыс істеді.

Ғабдуллин көшесі

Ғабдуллин көшесі Алматы қаласының Бостандық ауданында орналасқан. Ақсақов көшесінен басталып, Марков көшесімен аяқталады.

Мәлік Ғабдуллин 1915 жылы Көкшетау облысының Зеренді ауданындағы Қойсалған ауылында дүниеге келген. 1935 жылы ҚазПИ-дің тіл-әдебиет факультетін бітірген. «Пионер» газетінің жауапты редакторының орынбасары, КСРО Ғылым академиясының Қазақ филиалында кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеген. 1938–1941 жылдары ҚазПИ-дің аспирантурасында оқыды.
 
Генерал И.В. Панфилов бастаған даңқты 28-гвардия дивизиясы құрамында Ұлы Отан соғысына қатысты. 1-автоматшылар ротасының саяси жетекшісі, 2-атқыштар батальонының комиссары болған. Мәскеу іргесіндегі қанды шайқаста қаһармандықтың асқан үлгісін көрсеткен.

Материалда adebiportal.kz/kz, kk.wikipedia.org мәліметі пайдаланылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев «Отан Ана» ескерткішіне құрмет гүлін қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев "Отан Ана" монументіне гүл шоғын қойды,

Елімізде қанша ҰОС ардагері бар?

Қазақстанда Ұлы Отан соғысының қанша ардагері бар екені белгілі болды.

Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті

Астанадағы "Қазақ елі" монументі жанындағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад ұйымдастырылды.

Ұлы Отан соғысының ардагерлері ешқашан ұмытылмайды — Тоқаев

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парадта қазақстандықтарды құттықтады.

Мы с особым вниманием подошли к 80-летию Победы — Президент

Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев выступил на параде в Астане,...