Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қызметкерлер арасында веложарыс өтті

2025 жылдың сәуір айында Атырау облысы бойынша Қылмыстық — атқару жүйесі департаментінің ұйымдастыруымен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай қызметкерлер арасында веложарыс өткізілді.

Аталмыш спорттық шара Жеңіс күнінің маңыздылығын ұлықтау, салауатты өмір салтын насихаттау және ұжым арасындағы ынтымақтастықты арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Веложарысқа ҚАЖ саласының қызметкерлері белсене қатысып, өздерінің шыдамдылығы мен спортқа деген қызығушылықтарын көрсетті.

Жарыс нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, арнайы марапаттармен және алғыс хаттармен марапатталды. Қатысушылар мұндай шаралар ұжымды біріктіріп қана қоймай, патриоттық рухты нығайтатынын атап өтті.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...