«Үміт сәулесі» – қолөнер арқылы жаңа өмірге қадам

№79 түзеу мекемесінде «Үміт сәулесі» атты ерекше іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – сотталған азаматтардың шығармашылық қабілетін дамыту, олардың қоғамға қайта бейімделуіне жағдай жасау және үміт отын ояту болды.

Шара барысында сотталғандар өз қолымен жасаған түрлі бұйымдарын – қолөнер туындыларын, тоқыма бұйымдары, матадан тігілген киімдері көрмеге қойды. Әр туынды адамның ішкі әлемін, өмірге деген құштарлығын және болашаққа деген сенімін бейнеледі.

Бұндай шығармашылық бастамалар сотталғандардың бос уақытын тиімді өткізуіне ғана емес, еңбек арқылы рухани сауығуына да үлкен септігін тигізеді.

«Үміт сәулесі» жобасы алдағы уақытта да жалғасын тауып, сотталғандардың әлеуметке бейімделуіне және жаңа өмірге сеніммен қадам басуына ықпал етпек.

Сотрудники женской колонии УИС поздравили жителей села с Днём пожилых людей

В честь Дня пожилых людей сотрудники женской колонии УИС...

ҚАРТТАРЫМЫЗҒА — ҚҰРМЕТ, АҒА БУЫНҒА — АЛҒЫС!

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Қызылорда облысы...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде киберспорттан турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде...

Абай облысы бойынша ҚАЖ мекемесінде ұстаздарды мерекемен құттықтады

Абай облысы бойынша ҚАЖ орташа қауіпсіз мекемесінде Ұстаздар күні...