Қызылордада тергеу изоляторында сотталғандар арасында асық атудан жарыс өтті

Бүгін Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №68 мекемесінде шаруашылық бөліміндегі сотталғандар арасында асық ату бойынша жарыс ұйымдастырылды.

Жарыстың мақсаты — ұлттық дәстүрді дәріптеу, сотталғандардың бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру, сондай-ақ оларды төзімділікке, дәлдікке және ептілікке баулу.
Жарысқа жазасын өтеушілео белсенділікпен қатысты.
«Асықты бала күнімде ойнаушы едім. Бүгін ойынды қайта ойнап, балалық шағым есіме түсіп, ерекше қызығушылықпен қатыстым. Асық — дәлдікті, шапшаңдықты қажет ететін ойын түрі екені рас», — деді жарысқа қатысқан сотталған азамат.
Жасақ бастығы Азат Батырбеков бұл шараның тәрбиелік мәні зор екенін атап өтті:

«Ұлттық ойындар — халқымыздың тарихи мұрасы. Мұндай іс-шаралар сотталғандардың бойында адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға, тәртіпке үйретуге және оң әлеуметтік мінез-құлықты дамытуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл олардың қоғамға бейімделуіне оң әсерін тигізеді», — деді ол.
Іс-шара соңында жеңімпаздарға сыйлықтар табысталды.
Мекеменің тәрбие бөлімі алдағы уақытта да тәрбиелік мәні зор іс-шараларды тұрақты түрде өткізу жоспарланып отырғанын атап өтті.

Состоялось мероприятие посвященное Национальному дню домбры

5 июля 2026 года в учреждении минимальной безопасности №21...

Ұлттық домбыра күні: №10 мекемеде ұлттық өнер ұлықталды

Ұлттық домбыра күніне орай Алматы және Жетісу облыстары бойынша...