Қызылордада пробация есебіндегі 47 сотталған азамат рақымшылықпен босатылды

Қазіргі таңда пробация қызметінің есебінде 1000-ға жуық азамат есепте тұр. 2025 жылғы 23 маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы» Заң аясында Қызылорда облысы бойынша пробация қызметтерінің есебіндегі 300-ден астам азаматтың іс-құжаттары сот қарауына жолданған. Бүгінгі күнге 59 сотталғанның іс — құжаттары сотпен қаралып, сот қаулысымен 47 сотталған жазадан босатылса,12 сотталғанның жаза мерзімі қысқартылды.

“Мен жасаған әрекетіме шын жүректен өкінемін. Рақымшылыққа ілігіп, жазамнан босатылдым. Ендігі мақсатым — жұмыс тауып, отбасымның алдындағы жауапкершілікті сезіне отырып, жаңа өмір бастау”, — деді босатылған азамат.

Абай облысы ҚАЖ мекемелері арасында шахматтан онлайн турнир өтті

Абай облысы бойынша ҚАЖ басқармасының қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде...

В учреждении минимальной безопасности состоялся онлайн-турнир по шахматам

В учреждении минимальной безопасности УИС по области Абай состоялся...

Абай облысының мекемелерінде онлайн шахмат турнирі өткізілді

Абай облысының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар...