Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті қызметінің басым бағыттарының бірі мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалауды және мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
Қызмет алушылардың әрбір шағымы Департаменттің басты назарында. Азаматтардан келіп түскен өтініштер бойынша жан-жақты тексеру жүргізіліп, арызда көрсетілген мән-жайлар тиісті тәртіппен қаралады. Департаментке түскен әрбір арыз бойынша мекемелерге сұраныс хат жолданып, нақты фактілер анықталған жағдайда жауапты тұлғаларға заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады. Азаматтардың шағымдарына сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдарға тиісті сұраныстар жолданып,көрсетілген қызметтердің сапасына және заңнама талаптарының сақталуына қатысты тексерулер жүргізіледі.
Соның ішінде, қызмет алушы тарапынан мемлекеттік мекеменің ресми интернет-ресурсында нормативтік құқықтық актілердің ескірген нормаларының орналасқандығы туралы Департаментке М есімді қызмет алушыдан балабақшаға қатысты коммуналдық мемлекеттік мекемелері туралы шағым келіп түсті.
Жүргізілген қашықтықтан бақылау нәтижесінде арызда көрсетілген деректер расталып, аталаған мекеме басшылығына ақпараттық ресурстағы құқықтық материалдардың өзектілігін қамтамасыз ету жөнінде нұсқама беріліп, ресми сайттағы ақпараттар жаңартылды.
Сонымен қатар арызда көрсетілген бұзушылықтар бойынша жауапты маман тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Аталған жағдай мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы бақылаудың тек бұзушылықтарды анықтаумен шектелмей, оларды нақты жоюға және азаматтардың құқықтарын қалпына келтіруге бағытталғанын көрсетеді.
Департамент алдағы уақытта да қызмет алушылардың өтініштерін жан-жақты қарауды, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылауды және заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмысты жалғастырады.
Әрбір өтініш – назарда. Әрбір анықталған бұзушылық – нақты бақылауда.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің
Алматы қаласы бойынша департаментінің
Мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының
бас маманы
Төреқан. Г


