ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті

ҚР ІІМ ҚАЖК №64 мекемесінде Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мәдени іс-шара өтті.

Мерекелік бағдарлама шаруашылық қызмет отрядының сотталғандары күшімен ұйымдастырылды. Іс-шара аясында мемлекетіміздің тұғыры – Конституцияның маңыздылығын айқындайтын музыкалық және поэтикалық нөмірлерден тұратын концерт қойылды. Сонымен қатар, патриотизм мен азаматтық құндылықтар тақырыбында сотталғандардың қолынан шыққан суреттер көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға мекеме әкімшілігі мен қызметкерлері қатысты. Басшылық шараның жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, қатысушыларға белсенділік танытқандары үшін алғысын білдірді және мұндай іс-шаралардың тәрбиелік және әлеуметтік маңыздылығын ерекше атап өтті.

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...