12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

Қазақстан ауылдарында жалға берілетін тұрғын үйлер салынбақ

Қазақстан ауылдарында жалға берілетін тұрғын үй құрылысын бастау жоспарланып отыр. Бұл туралы Олжас Бектенов шаруалармен кездесуінде айтты, — деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кездесу басында сөз алған Олжас Бектенов Үкімет аграрлық секторға белсенді түрде қолдау көрсетіп отырғанын мәлімдеді.

«Президент қолдауының арқасында ауыл шаруашылығына ерекше көңіл бөлініп келеді. Мемлекет басшысы атап өткендей, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігі өзінің құндылығын ешқашан жоймайды. Біздің жағдайымызда жеңілдетілген қаржыландыру үшін 700 млрд теңге табу оңай емес, алайда біз мұны іске асырып жатырмыз және қолдаудың бұл түрін одан әрі арттыра береміз. Қазіргі қолданыстағы тетіктердің барлығы жалғасын табады. Нәтижесі де жоғары болып, біз бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығын құра аламыз деген сенім бар», — деді премьер-министр.

«Бәйтерек» ҰБХ басшылығының айтуынша, қазір Солтүстік Қазақстан облысының ауылдарында жалға берілетін тұрғын үй құрылысы бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатыр. Болашақта бұл тәжірибені бүкіл еліміз бойынша тарату жоспарланып отыр.

Шымкентте бала қаза болған қайғылы оқиғадан кейін әкім қызметтен босатылды

Шымкентте алты жасар бала шұңқырдағы суға құлап қаза болған қайғылы оқиғадан кейін әкімдік тарапынан бірнеше лауазымды тұлғаға қатысты тәртіптік шаралар қабылданды.

Қазақстанда кене шағу жағдайы күрт көбейген

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққаннан кейін ауруханаға жүгінгендер саны күрт өсті.

Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

Мамыр айы – Қазақстанда мерекелерге бай, соған байланысты демалыс күндері де көбейеді. 2025 жылы да бұл дәстүр жалғасып, қазақстандықтар мемлекеттік мерекелерге байланысты қосымша демалады.

Алматыда демалыс күндері орталық көшелер жабылады

20 сәуірде Алматыда Almaty Half Marathon өтеді, осыған байланысты қалада көлік қозғалысы схемасы уақытша өзгереді.

Халықтың әл-ауқатын төмендетуге жол бермеу керек — Қасым-Жомарт Тоқаев

Мемлекет басшысы экономика мәселелеріне қатысты жұмыс отырысын өткізді.