Қазақстанда кене шағу жағдайы күрт көбейген

Шығыс Қазақстан облысында кене шаққаннан кейін ауруханаға жүгінгендер саны күрт өсті, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті дәрігерлер көктемнің басынан бері осы қауіпті жәндіктердің бұрын-соңды болмаған белсенділігін тіркеген және зардап шеккендер саны өсіп бара жатыр.

Балаларға қауіп көп

24 наурыз бен 14 сәуір аралығында ШҚО облыстық Ана мен бала орталығына кене шақты деп шағымданған 65 бала жүгінген. Зардап шеккендердің жасы 3-тен 18 жасқа дейін. Өңірдің денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, мұндай көрсеткіш бірнеше жылдан бері болмаған.

Бір күнде ішінде, яғни 14 сәуірде жарақат бөлімінде 14 балаға көмек қажет болған. Кене энцефалитінің алдын алу үшін иммуноглобулинді 63 бала алған.

Өскемен тұрғыны Ирина Сазонова ойын алаңында серуендеп жүргенде жеті жасар ұлының мойнынан кенені байқағанын айтты. Ол бірден ұлын Ана мен бала орталығына апарған, онда жәндікті алып тастап, ал балаға қажет көмек көрсетілген.

Ересектер де зардап шегеді

8-14 сәуір аралығында ШҚО травматологиялық пункттеріне 104 ересек адам жүгінген. Оның ішінде 99 адам иммуноглобулиннің профилактикалық инъекциясын алған, үшеуі бас тартқан, бір науқас тым кеш келген. Дәрігерлер инъекцияны кене шаққаннан кейін 72 сағаттан кешіктірмей, алайда ертерек салған дұрыс екенін айтады. Бұл препараттың тиімділігін едәуір арттырады.

«Кененің мұндай белсенділігінің себебі — биылғы көктемнің жылы болуы», — деді Шығыс Қазақстанның облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілі.

Кене негізінен орманды және шөпті жерлерде, әсіресе, ШҚО-ның мына аудандарында белсенді: Өскемен және оның айналасы, Риддер, Глубокое ауданы, Катонқарағай ауданы, Ұлан және Шемонаиха аудандары, Алтай, Самар, Үлкен Нарын.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.