Қазақстандықтар мамырда қанша күн демалады?

Мамыр айы – Қазақстанда мерекелерге бай, соған байланысты демалыс күндері де көбейеді. 2025 жылы да бұл дәстүр жалғасып, қазақстандықтар мемлекеттік мерекелерге байланысты қосымша демалады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

2025 жылдың мамыр айындағы мемлекеттік мерекелер:

  • 1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні
  • 7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушылар күні
  • 9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні

Бұл күндердің барлығы ресми демалыс болып есептеледі. Сондықтан әдеттегі сенбі мен жексенбіге қосымша бірнеше күн демалыс болады.

1 Мамырда қазақстандықтар қалай демалады?

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 1 мамыр (бейсенбі) – демалыс
  • 2 мамыр (жұма) – жұмыс күні
  • 3–4 мамыр (сенбі-жексенбі) – демалыс

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 1 мамыр – демалыс
  • 2–3 мамыр – жұмыс күндері
  • 4 мамыр – демалыс

7 және 9 Мамырда қалай демалады?

Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 7 мамыр (сәрсенбі) – демалыс
  • 9 мамыр (жұма) – демалыс
  • 10–11 мамыр – демалыс күндері

Аптасына алты күн жұмыс істейтіндер үшін:

  • 7 мамыр – демалыс
  • 9 мамыр – демалыс
  • 10 мамыр (сенбі) – жұмыс күні
  • 11 мамыр (жексенбі) – демалыс

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бұған дейін демалыс күндерін басқа күндерге ауыстыру жоспарланбағанын хабарлады. Сондықтан 8 мамырды демалысқа ауыстыру көзделмеген.

2025 жылдың мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

  • 5 күндік жұмыс аптасында – 12 күн демалыс (мерекелерді қоса)
  • 6 күндік жұмыс аптасында – 8 күн демалыс

Мамыр айындағы кәсіби мерекелер (ресми емес):

  • 17 мамыр – Байланыс қызметкерлері күні
  • 20 мамыр – Метрология қызметкерлері күні
  • 21 мамыр – Мәдениет және өнер қызметкерлері күні
  • 25 мамыр (айдың соңғы жексенбісі) – Химия өнеркәсібі қызметкерлері күні

Айтпақшы, Экология министрлігі Қазақстандағы мерекелік күндер тізіміне өзгеріс енгізу бойынша бұйрық жобасын әзірлеген.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың қарсылығынан кейін Құрылтай депутаттары мемлекеттік наградалар туралы заңды қайта қарады 

Депутаттар Президенттің ұсынысын қолдап, мемлекеттік наградалар туралы заңның жекелеген нормаларын жаңа редакцияда қабылдады.

Қарапайым суық тиюге ұқсайды: Дәрігерлер қауіпті инфекцияның таралып жатқанын айтты 

Инфекциясы бастапқыда суық тиюге ұқсап, кейін ауыр асқынуларға әкелуі мүмкін.

Елімізде 870 мың адам баспана күтіп жүр. Биыл қанша үй салынады?

Қазақстанда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтардың саны 870 мыңға жетті. Бұл туралы құрылыс және өнеркәсіп министрі Ерсайын Нағаспаев үкіметтегі брифиңде айтты.

Қазақстанның АҚШ-қа экспорты күрт өсті 

2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстан мен АҚШ арасындағы тауар айналымы 2,89 млрд долларға жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 24,4%-ға көп.

Қазақстанда ҰБТ форматы өзгереді: Талапкерлерді қандай жаңалық күтіп тұр 

Қазақстанда жоғары оқу орындарына түсу емтиханының жаңа форматы әзірленіп жатыр. Ол талапкерлердің пәндік білімін ғана емес, сыни ойлауын, цифрлық сауаттылығын, жасанды интеллектпен жұмыс істеу дағдыларын және ақпаратты талдау қабілетін бағалауға мүмкіндік береді.