Қазақстанның су шаруашылығына екі жылда рекордтық 677 млрд теңге инвестиция тартылды

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстанның су шаруашылығын дамытуға инвестиция тарту жұмыстарын белсенді жүргізіп келеді. 2024-2025 жылдары, яғни министрлік құрылғаннан кейінгі кезеңде инвестиция көлемі алдыңғы екі жылмен салыстырғанда 79%-ға өсті. 

2024-2025 жылдары тартылған инвестицияның жалпы көлемі шамамен 677 млрд теңгені құрады. Бұл 2022-2023 жылдармен салыстырғанда шамамен 300 млрд теңгеге көп. Ол кезде су саласын дамытуға 377,9 млрд теңге инвестиция тартылған болатын.

Тартылған инвестициялар ең алдымен су шаруашылығы инфрақұрылымын салуға және жаңғыртуға бағытталып жатыр. Атап айтқанда, халық пен ауыл шаруашылығын тұрақты сумен қамтамасыз етуге қажетті су қоймалары, каналдар, гидротехникалық құрылыстар және басқа да нысандар қамтылған.

Бұл жұмыстар қолданыстағы инфрақұрылымды кезең-кезеңімен жаңартуға және суды жинақтау мен бөлу үшін жаңа қуаттар құруға мүмкіндік береді. Нәтижесінде инвестициялар сумен жабдықтау сенімділігін арттырып, су шығыны көлемін азайтуға және су ресурстарын басқару тиімділігін арттыруға бағытталады.

Инвестициялар есебінен іске асырылып жатқан жобалардың қатарында Ислам даму банкімен бірлесіп Жамбыл, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында үш су қоймасын салу, Азия даму банкінің қолдауымен Ақмола облысында Есіл контрреттегішін салу және басқа да ауқымды жобалар бар.

🗣️

«Инвестициялар су шаруашылығы инфрақұрылымын дамытуға, яғни су қоймаларын, каналдар мен басқа да нысандарды салуға, реконструкциялауға және жаңғыртуға тартылады. Бұл ретте халықаралық ынтымақтастық қаржылық қолдаумен ғана шектелмейді. Ол сондай-ақ заманауи технологияларды енгізуді, саланы цифрландыруды, кадрлық және ғылыми әлеуетті нығайтуды, сондай-ақ озық тәжірибе алмасуды көздейді»,

– деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

«Тәрбие баспалдағы» – тәрбие мен тағылым тоғысқан алаң

Алматы облысы Қарасай ауданына қарасты Абай ауылындағы №2 орта...

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – қоғам дамуының маңызды негізі

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес – кез келген құқықтық,...

Құқықтық көмек көрсету мәселелеріне қатысты — халықаралық шарттар

Қазіргі жаһандану дәуірінде мемлекеттер арасындағы құқықтық ынтымақтастықтың маңызы артып...

АБАЙ УНИВЕРСИТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МОНТЕССОРИ САММИТІ ӨТТІ

Абай университетінде өткен «Монтессори – адам дамуы және өзгермелі...

Налоги, бизнес и реформы

Как известно, национальная валюта в истории современного Казахстана была...