12 маусым - Жалпыұлттық аза тұту күні

spot_img
spot_img
spot_img
0.00₸

Корзина пуста.

ҚАРЖЫ ПИРАМИДАЛАРЫ: АҢҒАЛ ЖҰРТТЫҢ АРМАНЫН ҰРЛАҒАНДАР

Заң салтанат құрғанда ғана азаматтық қоғамның іргесі берік болып, демократиялық бағытқа қарай ілгері қадам жасай алады. Әділетті қоғамның іргетасы мықты болуы үшін де қоғамдық ортада халық заңның тәртіптері мен талаптарына бағынып, әділдік пен теңдік тұрғысында қарастырылған жағдайда ғана тұрақтылық қалыптасып, елдің, жалпы жүйенің үйлесімі болмақ. Елдің құқықтық мемлекет ретінде орнығуы да дәл осы заң мен тәртіп тұжырымдамасының жүзеге асырылуына тікелей байланысты десек қателеспейміз.

Заң қағидаларын сөз еткенде осы уақытқа дейін халық арасында кеңінен таралып, негізінен аңғал əрі тез иланғыш жұртты қу тақырға отырғызып кеткен қаржы пирамидалары еріксіз еске оралады. Халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында құқық қорғау органдары мен құзырлы мекемелермен тиісті шаралар жүзеге асырылып жатқанымен алаяқтардың құрбанына айналып жатқандар азаяр емес. Тіпті, несие алып осы бір қаржылық пирамидаларға өз еркімен қомақты қаражатын салып жібергендердің жыл өткен сайын көбейіп бара жатқаны алаңдатады.

Алты алаяқтық құрылым әшкере болды

Соңғы жылдары мұндай қаржылық пирамида түріндегі құрылымдар Ақмола облысында біраз адамдарды қолдағы барынан айырып кеткен. Дегенмен құқық қорғау органдарының қырағылығының арқасында олардың бірқатарының жолы кесіліп, заңды белден басқандар жазасын алды. Ал, халықты ашық түрде алаяқтық жолмен қанаған бөлімшелер ақыры толықтай таратылғаны мəлім болды. Бұл туралы Ақмола облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Ақмола облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Сəкен Мушағалиев хабарлады.

– Құқық қорғау органдарының қырағы қызметінің арқасында еліміздің заңдарын өрес кел түрде бұзып, халықтың қаражатын алдап-арбау жолымен талан-таражға салған қаржылық пирамида түрінде құрылған компаниялар таратылды. Мəселен, тек Ақмола облысының аумағында осындай алаяқтық сипаттағы алты бірдей қаржылық құрылымның жолы кесілгенін атап өткен жөн.

Атап айтқанда, «Chia Tai Pharmaceutical», «SincereSystemsGroupLtd», «Eolus», «Chia Tai Tianging», «Charoit» жəне «Лайм академия» секілді қаржы пирамидаларының бөлімшелері толықтай таратылды,– дейді Ақмола облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Сəкен Мушағалиев.

Жүздеген жәбірленуші – миллиардтаған шығын

Ведомствоның дерегінше соңғы жылдары өңірдегі қарапайым аңғал жұрттың қалтасын қағып, алаяқтықтың небір құйтырқы əдістерімен жұртты алдап тақыр мұзға отырғызып кететін қаржы пирамидалары айылын жимай тұр. Аты бар да заты жоқ мұндай «компаниялар» жеңіл жолмен қомақты ақша тапқысы келетіндердің өзін майда тілмен жетегіне ертіп, ақыры қолындағы барынан айырып кетіп жатқан болып шықты. Департамент басшысының орынбасары ұсынған деректерге сенсек тек соңғы екі жыл ішінде ғана облыс аумағында осындай алаяқтық жолмен жұрттың қаржысын сыпырып келген алты бірдей құрылымның жұмысы тоқтатылып, оның өкілдері құрықталған. Департаменттің жүргізген құқықтық бағыттағы жұ мыстарының нəтижесінде алаяқтардың құрбанына ай налғандармен жүр гізілген жұмыстардың да аса көлемді түрде жүзеге асырылғанын аңғардық. Атап айтқанда облыс аумағында заңсыз тірліктерін жасап, «аңқау елге, арамза молда» болып, қаржылық құйтырқы əрекеттері арқылы жұртты алдап кеткен қаржылық ұйымдарға облыс аумағында ғана жалпы саны 2304 адам əр түрлі қомақты көлемде салым салып жіберген болып шықты. Ведомствоның қолда бар мəліметтері бойынша қаржы пирамидаларына сенген адамдар жалпы сомасы 415 миллион теңгеден астам қаражатын өз қолдарымен салып жіберген. Алайда, өтіріктің арты бір тұтам болып, жоғарыда аталған қаржылық пирамида құрылымдарын ұйымдастырушылар сотталып, мемлекет кірісіне заңсыз жолмен алынған 10 миллион теңгеден астам мүліктері тəркіленген. Сондай-ақ пирамидаларды жарнамалаған үш азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Кибербақылау: онлайн алаяқтарға тосқауыл

– Тек биылдың өзінде облыс аумағында тағы төрт бірдей қаржы пирамидасының заңсыз əрекеті тоқтатылды. Олардың құрамында екі мыңнан астам адам болғаны анықталды. Ал, жалпы салымдардың көлемі бір миллиард теңгеден астам қаражатты құрады. Атап айтқанда, «BuyersUnion» пирамидасына жеті адам 8 миллион теңге қаражат салса, «S-Group» пирамидасына 25 адам қатысып, 59,8 миллион теңге қаржылай салым салған болып шықты, – деп толықтырды спикер Сəкен Мушағалиев. Сонымен қатар, Көкшетауда 2025 жылдың наурызынан бастап «Lemon» деген атаумен қаржы пирамидасы жұмыс істей бастағаны да белгілі болды. Қазіргі таңда бұл алаяқ тық фактісіне қатысты қылмыс тық іс қозғалған. Аталған пирамидалық ұйым жүздеген адамды алдап соғып, олардың 34,5 миллион теңгеге жуық қаражатын қағып алған. Департаменттің тергеп-тексеру қызметінің нəтижесінде мұнымен қоса жұмыс барысында Щучинск, Степногорск жəне Атбасар қалаларында ПК «AsarBaspana» қаржы пирамидасының заңсыз жұмыс істеген бөлімшелері анықталған. Ол осы аймақтарда өткен жылдың сəуірінен бастап биылғы жылдың қаңтарына дейін жұмыс істеген болып шықты. Бұл қаржы пирамидасына да облыс бойынша екі мыңға жуық адам 980 миллион теңгеден астам қаражат салып, қан қақсап қалғаны мəлім болды.

Желілік маркетинг: тағы бір жасырын қауіп көзі

– Бұдан бөлек, облыстық Экономикалық тергеп-тексеру департаменті қаржы пирамидаларын жарнамалайтын аккаунттар мен чаттарды, сілтемелерді бұғаттау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеді. Тек жыл басынан бері ғана əлеуметтік желілерде 1 953 адам мүшелік еткен 8 чат пен аккаунттың жұмысы тоқтатылды. «Кибербақылау» ақпараттық жүйесіне заңсыз контент жариялаған 421 сілтеме бұғаттауға енгізілді. Оның 396-сы толықтай жабылып, қалғандары тиісті органмен келісу сатысында тұр, – деді өз сөзін қорытындылаған Сəкен Силыбайұлы. Департамент басшысының орынбасары қазіргі таңда желілік маркетингтің дəурені қызып тұрғанын баса айтты. Мұнда да өзінің артынан адам тарту арқылы жүзеге асырылатындықтан, қаржылық пирамида жүйесінде əрекет етіп, олардың да басым бөлігі алаяқтық жолмен пайда табуды көздейтіні атап өтілді. Атап айтқанда мұндай желілік маркетингтердің басым бөлігі косметика, дəрі-дəрмек, тұрмыстық қажеттілік өнімдерінің түр-түрін сатып, оны жарнамалау арқылы жұрттың сеніміне кіріп, күмəнді кəсібін астыртын жолмен жалғастыра берген болып шықты. Департамент өкілі мұндай компаниялармен де қазіргі уақытта тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын, ол аяқталған соң толық ақпарат берілетінін жеткізді. Елімізде тікелей Президент бастамасымен қолға алынған «Заң жəне тəр тіп» тұжырымдамасы құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған. Ал, заң əділетті қоғамның іргетасының мықты əрі тұрақты болуын қамтамасыз ететін бас ты құрал екені сөзсіз. Тек заң үстемдік еткен елде ғана теңдік пен əділдікке негізделген демократиялық, құқықтық бағыттағы азаматтық қоғам қалыптаспақ…

Абзал ТОҚАНОВ АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

Елімізде 113 мың талапкер мемлекеттік білім гранты конкурсына өтініш берді

Қазақстанда шамамен 113 мың талапкер білім беру грантын алу конкурсына қатысу үшін өтініш берді.

Медработники – в зоне риска

ШОКИРУЮЩИЙ ИНЦИДЕНТ В КОСТАНАЙСКОЙ ОБЛАСТНОЙ БОЛЬНИЦЕ ВЫЗВАЛ ОБЩЕСТВЕННЫЙ РЕЗОНАНС И ВНОВЬ СТАЛ ОТПРАВНОЙ ТОЧКОЙ К АКТИВНОМУ ОБСУЖДЕНИЮ ТЕМЫ БЕЗОПАСНОСТИ МЕДИЦИНСКИХ РАБОТНИКОВ В КАЗАХСТАНЕ. ХИРУРГ-УРОЛОГ АНТОН КИСТАНОВ ПОЛУЧИЛ ТЯЖЕЛЫЕ ТЕЛЕСНЫЕ ПОВРЕЖДЕНИЯ ПОСЛЕ ПОПЫТКИ УСПОКОИТЬ АГРЕССИВНОГО ПАЦИЕНТА, КОТОРЫЙ ТРЕБОВАЛ ПРИЕМА ВНЕ ОЧЕРЕДИ.

Жасанды интеллектінің балаларға арналған нұсқасы іске қосылады

Илон Маск өзінің жасанды интеллектісі – Grok-тың балаларға арналған нұсқасы әзірленіп жатқанын жариялады.

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік партиясының бас хатшысына көңіл айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты.

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазақстанның бірнеше аймағында алдағы аптада күн қатты ысиды