Қармақшыда пробация есебіндегі тұлғалар «Кездесу мен қоштасу» қойылымын тамашалады

Бүгін Қармақшы аудандық мәдениет үйінде көрермен назарына «Кездесу мен қоштасу» қойылымы ұсынылды. Қойылым отбасындағы тұрмыстық жағдайлар мен адамдар арасындағы қарым-қатынастың маңыздылығын тереңінен көрсетіп, көрермендерге ой саларлық әсер қалдырды.

Айта кетерлігі, аталған шараға Қармақшы аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтар да арнайы шақырылып, спектакльді тамашалау мүмкіндігіне ие болды. Бұл бастама пробация қызметінің тәрбиелік және әлеуметтендіру бағытындағы жұмыстарының бір бөлігі болып табылады.

Қойылым барысында көрермендер отбасы құндылықтарын бағалаудың, сыйластық пен түсіністіктің адам өміріндегі ерекше маңызын терең сезініп, тағылымды ой түйді. Пробация есебіндегі азаматтардың айтуынша, мұндай мәдени шаралар олардың отбасына деген құрметін арттырып, өмірге деген оң көзқарасын қалыптастыруға ықпал етеді.

— Қойылым өте әсерлі болды. Осындай шараларға жиі қатысуға тырысамыз. Бүгін пробация қызметінің қолдауымен тағы да келдік. Бұл жолы ерекше әсер алып, көңіліміз сергіп қалды. Келесі қойылымға отбасымды ертіп келуді жоспарлап отырмын, — деді спектакльден ерекше әсер алған пробация есебіндегі азаматтардың бірі.

Мәдени іс-шараның басты мақсаты — есепте тұрған азаматтардың қоғамға бейімделуіне, отбасы құндылықтарын сақтауына және рухани дүниесін байытуға ықпал ету. Мұндай тәрбиелік мәні зор кездесулер олардың өмірге деген сенімін нығайтып, әлеуметтік бейімделуіне септігін тигізері сөзсіз.

Абай облысы бойынша ҚАЖ-дың қауіпсіздігі барынша жоғары мекемесінде сотталғандар Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне хат жазды

Абай облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қауіпсіздігі барынша жоғары...

В учреждении максимальной безопасности УИС по области Абай осужденные написали письма ветеранам Великой Отечественной войны

В учреждении максимальной безопасности Департамента уголовно-исполнительной системы по области...

Ынтымағы жарасқан ел – еңселі ел” тақырыбында іс-шара өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай №79...

Мерекелік концерт өтті

1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Атырау...