«Қақпаның алдындағы кездесу»: сотталғандарды босатылғаннан кейін қайта әлеуметтендіру

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – тек жазалау емес, сондай-ақ бұрын сотталғандарды қоғамға бейімдеу және қалыпты өмірге қайта оралуына жағдай жасау. Тәрбие жұмысының тиімді әдістерінің бірі – босатылғаннан кейін көмек көрсету және қайта әлеуметтендіру.

2025 жылғы 16 маусымда Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №21 мекемесінде маңызды іс-шара өтті: жазасын өтеп шыққан екі сотталған азамат бостандыққа шықты. Олар үшін Семей қаласының Халықты жұмыспен қамту орталығының (ХЖҚО) қолдауымен жұмысқа орналасу бойынша көмек көрсетілді.

Мекеме әкімшілігі ұйымдастырған «Қақпаның алдындағы кездесу» жобасы бұрынғы сотталғандар үшін жаңа өмірдің символына айналды. Іс-шараға мекеме қызметкерлері, ХЖҚО өкілдері және әлеуметтік бейімдеу мамандары қатысты.

Тәрбие және әлеуметтік-психологиялық жұмыс жөніндегі бөлім бастығы, әділет подполковнигі Баяхметов Н.Е. атап өткендей, босап шығу – тек алғашқы қадам. Ең қиыны – қоғамда өз орнын табу, жаңа құқық бұзушылық жасамау. Осы мақсатта мемлекет тарапынан рецидивті азайту және қайта әлеуметтендіру шаралары қолға алынуда.

«Бостандыққа шығу оңай, ал қоғамда өз орныңды тауып, адаспай қалу – өте қиын. Сондықтан біз босап шыққандарға қолдан келгенше көмек көрсетуге тырысамыз», – деп атап өтті подполковник.

Абай облысында жазасын өтеп шыққан сотталғандар отбасыларымен қайта қауышты

Абай облысында ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеген сотталғандар...

Жаңа өмірге мүмкіндік: Абай облысында сотталған азамат түзелу жолына түсті

Абай облысында ауыр қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айырылған...

Шанс на новую жизнь: как в области Абай осужденный встал на путь исправления

В области Абай осужденный, ранее приговоренный к лишению свободы...

«Ең үздік қабырға газеті» атты шығармашылық байқау өтті

Абай облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесіне қарасты әйелдер колониясында Қозы...