Құрылтай сайлауы күні 16 сағаттық жалпыұлттық online-марафон өтеді

2026 жылдың 23 тамызына белгіленген Құрылтай сайлауы күні «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының ұйытқы болуымен ауқымды медиажоба – жалпыұлттық online-марафон өтеді. Марафон тікелей эфирде сағат 09:00-ден түнгі 00:30-ға дейін жалғасады.

Ел тарихында тұңғыш рет өтетін Құрылтай сайлауына арналған медиажоба барысында қоғамдағы өзекті тақырыптар талқыланып, сайлау барысынан үздіксіз ақпарат беріледі. Оған қоғам қайраткерлері, белсенді азаматтар, өз саласында жетістікке жеткен мамандар, БАҚ өкілдері, сарапшылар, блогерлер, спортшылар мен өнер жұлдыздары қатысады.

Іс-шара аясында бірнеше алаң жұмыс істейді. Басты сахнада түрлі тақырып бойынша спикерлер ой бөліседі. Touch Screen арқылы негізгі статистикалық мәліметтер мен Қазақстанның әр сала бойынша халықаралық көрсеткіштері ұсынылады. Әр 2 сағат сайын меншікті тілшілер шетелдегі дауыс беру нәтижелерін баяндайды.

Брифинг алаңында Орталық коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен шетелдік бақылаушылар және ҚР ОСК науқанға қатысты ресми ақпараттарды жариялайды. Өз саласында жетістікке жеткен тұлғалар мен қоғам белсенділері 5-7 минуттық мотивациялық және танымдық дәрістер оқиды. Дискуссия алаңында қоғамдық-саяси, әлеуметтік және экономикалық, тарихи-мәдени тақырыптар бойынша пікірталастар ұйымдастырылады. Экспресс-камерада жедел пікірлер мен қысқа сұхбаттар беріледі. Сонымен қатар викторина және әртүрлі ойын-сауықтық шаралар қарастырылған.

«Қарқынды құрылыс» жобасы аясында ел аумағында жүріп жатқан ауқымды нысандардың алаңдарынан тілшілер арнайы хабар таратады.

📎Марафонның басты ерекшелігі – Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан тікелей қосылымдар ұйымдастырылады. Эфир барысында үш мегаполистің тыныс-тіршілігі көрсетіліп, қалалардың көрікті жерлерінен репортаждар, тұрғындармен және түрлі сала өкілдерімен сұхбаттар ұсынылады. 

📌Жалпыұлттық online-марафон республикалық және аймақтық медиа ресурстрдың ресми сайттары мен әлеуметтік желілерінде тікелей көрсетіледі. Марафонға қатысты жедел жаңалықтар, маңызды ақпараттар «Онлайн марафон – 2026» Telegram (http://t.me/onlinemarathon2026) арнасында жарияланып отырады.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды жаңа пәтер иелеріне баспана кілтін табыстады

Алматыда екінші кезең аясында тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтарға...

Құрылтай депутаттарын сайлаудың заңдық тәртібі толық реттелген

Жаңа Конституцияның негізгі жаңалығының бірі – Құрылтай. Бұрынғы екі...

Қазақ тілі әрдайым күн тәртібінде

Ана тілің арың бұл, Ұятың боп тұр бетте, Өзге тілдің бәрін...

В одном ритме к общей цели: в Туркестане прошел флешмоб «Ортақ арна»

На гребной канал Туркестана вышла целая флотилия каноэ. Молодые...