ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ  

Алматы 1  станциясындағы Желілік полиция басқармасы қызмет көрсету аумағында теміржол көлігі нысандарында  қоғамдық тәртіпті сақтау, ескерту, қылмыстың жолын кесу  мақсатында ағымдағы жылғы 20-30 қараша аралығында «Құқықтық тәртіп»алдын алу  іс-шарасы жүргізілді.

Іс-шара аясында 21 қарашада түнгі сағат 23:10-да  Алматы1 станциясындағы  теміржол вокзалында  кәмелеттік жасқа   толмай  Шу қаласынан жалдамалы жұмыс іздеп  келген 17 жастағы жасөспірім тоқтатылып, кім екендігі  анықталды. Ата-анасына ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің   442 бабы 2-тармағына  сәйкес  айыппұл салынды.

Сонымен қатар  23 қарашада сағат 01:07-де Алматы 1 теміржол вокзалының күту залында жүрген 16 жастағы Қызылорда облысы, Арал ауданының  тұрғыны полиция бөліміне жеткізілді.  Бұл жағдайда ата-анасына хабарласып, ескерту жасалынды.

Екі жағдайда да жасөспірімдер  Алматы  қаласындағы Өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығына орналастырылды.

Алматы 1 станциясындағы ЖПБ әкімшілік полиция бөлімшесінің бастығы полиция подполковнигі Ж.Әбдікапаров жүргізіліп жатқан алдын алу  және ақпараттық-түсіндіру жұмысында  жоғарыдағыдай құқық бұзушылық фактілері орын алып жатқанын атап өтіп, бұл шара жалғасатынын айтты.

Алматы1 ст. ЖПБ

«Е-қызмет» – мемлекеттік қызметке кірудің жаңа мүмкіндігі

Мемлекеттік қызметке орналасу енді бұрынғыдан да ыңғайлы әрі ашық...

Миранда ережесі: Конституциялық деңгейдегі жаңа құқықтық кепілдік

Адамның құқықтары мен бостандықтары – демократиялық және құқықтық мемлекеттің...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

       Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап,...

«Аударма әлемі» — өзекті зерттеу

Филология ғылымдарының докторы, профессор, журналист, аудармашы, Қазақстан журналистер одағы...