Қылмыстық алдын алу мақсатында жиын өтті

Сырдария аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде, аудандық пробация қызметі мен аудандық прокуратурасы бірлесіп, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған тұлғалармен қайталап қылмыс жасауын алдын алу, жұмыспен қамту, әлеуметтік, құқықтық көмектердің көрсетілуі бойынша жиын өткізді.

Аудандық прокуратурасының прокуроры Б.Жұмағалидің төрағалығымен өткізілген жиынға аудандық пробация қызметінің инспекторы Н.Дүйсенбаев, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі басшысының орынбасары А.Елеусінов, аудандық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің әдіскері Ғ.Үсенбаев және пробация есебінде тұрған азаматтар қатысты.

Жиынды аудандық прокуратурасының прокуроры Б.Жұмағали ашып, пробация есебіндегі азаматтарға қайта қылмыс жасамауға,сотпен жүктеген міндеттерді орындауға, белгіленген бақылау тәртібін бұзбауға және отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынас саласында әкімшілік және құқық бұзушылықтар жасамауға шақырды.Сондай-ақ, есептегі сотталғандардың жұмыспен қамтылу, қоғамға, отбасына пайда келтірер іспен айналысуға үндеді. Оларды өмірге қайта бейімдеу мақсатында пробация қызметкерлері тарапынан өткізілетін іс шараларға белсене ат салысып, дүниелік танымддарын арттыру мақсатында әдеби және танымдық бағыттағы шығармалар оқу керектігі жайлы да айтып өтті.

Жиын соңында сотталған азаматтар тарапынан қойылған сұрақтарға сала мамандары заң шеңберінде тиісті жауаптар берді.

Спорт — күш пен салауатты өмір салтының кепілі

Орта қауіпсіздік мекемесінде Спорт күніне орай сотталғандар арасында спорттық...

Концерт ко Дню Абая

В учреждении средней безопасности для осуждённых был проведён концерт,...

Абай күніне арналған концерт

Қауіпсіздігі орташа мекемеде сотталғандар үшін Абай күніне арналған концерттік...

Абай күніне орай сотталған әйелдер арасында рухани-танымдық іс-шара өтті

7 шілде күні Абай күніне орай №79 мекеменің сотталғандар...

Духовное наследие Абая — путь к знаниям, труду и самосовершенствованию

В женской колонии УИС области Абай с участием осужденных...