Қызылорда қалалық пробация қызметінің есебінде 600-ден астам сотталған есепте

тұрады.Пробация қызметкерлері күнделікті мекенжайларынан тексеру жұмыстарын жүргізеді. Бүгін #7 аймаққа қарасты пробация есебіндегі азаматтарға учаскелік полиция аға инспекторы Д.Төлегеновпен жиналыс өткізілді. Жиналыс барысында қайта қылмыс жасамау, сотпен жүктелген міндеттерді орындау, жұмыстан, оқудан бос уақытында сағат 22:00 ден 06:00-ге дейін ойын-сауық орындарына бармау, пробация қызметкеріне хабарламай тұрғылықты мекенжайынан рұқсатсыз шықпау керектігі туралы профилактикалық мәні бар әңгіме-сұхбат жүргізілді. Сот жүктеген міндеттерді орындамаған жағдайда өтеп жатқан жазасы бойынша бас бостандығынан айыру орындарына ауыстыру үшін сотқа іс-құжаттар жолданатындығы туралы ескертілді.

Пробациялық бақылау белгіленген азаматтармен профилактикалық түсіндірме жұмыстарын жиі өткіземіз. Аяғын шалыс басып қателік жасаған сотталғандарды қайта қоғамға бейімдеу біздің міндетіміз.Әлеуметтік көмек қажет ететтін азаматтарға да көмектер беріліп,жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тұрғызу жұмыстары да жүргізіліп жатыр»,-дейді пробация инспекторы әділет лейтенанты А. Айтбай.

Казахстанский стартап с технологией для здоровья спортсменов занял второе место в США

Казахстанский deep-tech стартап Mirai Tech занял второе место на WT Innovation...

АБАЙ УНИВЕРИСТЕТІНДЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СТУДЕНТТІК ФОРУМ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Алматыда 16–18 қыркүйек аралығында Қытайдың Шанхай педагогикалық университетімен...

Халық сенімін ақтайтын қызметкер болуымыз қажет

Ең бастысы әр қызметкер өзінің қарапайымдылығын алға ұстап, адмагершілігмен,...